«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала – біздің болашағымыз»

23.12.2020

«Бала – біздің болашағымыз»

Автор: Иманбаева Айгерим Хадесовна

Қызметі: Тәрбиеші

Білімі: Жоғары

Мекеме атауы: №38 «Сәуле» бөбекжай бақшасы

e-mail почта: aygerim._94@mail.ru

Андатпа : Мақалада ең басты біздің, тәрбиешілердің міндеті жеке тұлға болып қалыптасуына, әр баланың сенімді дос табуына көмектесу, туған жерін, Отанын сүюге, адал болуға бағыттау, ізденіп, талпынуға жетелеу, өмірді білуге негіздеу болып табылады.

Түйін сөздер: бала, тәрбиеші, жеке тұлға, балабақша

 

 «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»

Әл-Фараби

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті, ерекше қамқорлықты қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандығы.

Студенттік шағымды артқа тастап, енді менде ұстазбын. Өмір жолы мені №38 «Сәуле» бөбекжай бақшасына алып келді. Мені балабақша әдіскері Женісгүл Мырзабекқызы жылы жүзбен қарсы алып, алғашқы күннен Сауле Боткенқызын маған тәлімгер ретінде тағайындады. Мен балабақшада жұмыс жасау қарапайым және оңай деп ойлайтынмын, бірақ жұмыс жасай келе тәрбиеші болу үлкен жауапкершілікті, еңбекқорлықты талап ететінін түсіндім. Балабақша табалдырығын алғаш аттағаннан бастап маған үлкен жауапкершілік жүктелді. Маған кішкентай балалардың тілін табу, мінез-құлқын тану бірінші күннен оңай болған жоқ. Осындайда білікті тәлімгерімнің көмегіне жүгіндім.

Сәуле Боткенқызы мені өз сабақтарына шақырды. Өз тәлімгерімнің сабақтарына қуанышпен қатысып, ол кісінің көп жылдық тәжірибесінен мол тәлім ала бастадым. Сәуле Боткенқызы өз ісінің нағыз маманы. Ол кісінің балалармен тіл табысуы, әр балаға жеке тұлғаретінде қарауы, оның көңіл-күйімен, ойлау қабілетімен санаса білуі мені өте қатты таңқалдырды. Балаларға тәрбие мен сапалы білім беруі, әдіс-тәсілдерді орынды қолданып, жаңа технологияларды қолдануы мені күннен-күнге қызықтыра түсті. Күндер өтіп, іс-тәжірибем көбейіп, менде алдыма сондай тәрбиеші боламын деген үлкен мақсат-міндеттер қойдым.

Бүгінгі күні, мен, 4 жыл тәжірибесі бар тәрбиешімін. Әрине, көп жыл өтпесе де мен осы 4 жыл ішінде көп тәжірибе жинақтадым. Балалармен тіл табысуды, әр балаға жылы көңіл-күймен қарауға, сапалы білім беруге, сабақтарды қызықты өткізуді үйрендім. 4 жыл көп уақыт емес, әліде үйренерім көп. Өз тәлімгерімнен, басқа да тәрбиешілерден, тіпті балалардан да үйренерім аз емес.

Менің ойымша бүгінгі алдымызға сәби болып келген балалар – қоғам адамы, еліміздің болашағы. Болашақ ел азаматтарын тәрбиелеуде әр тәрбиеші міндеті: баланың шыққан ата-тегін білу, сенімді дос табуына көмектесу, туған жерін, Отанын сүюге, адал болуға бағыттау, ізденіп, талпынуға жетелеу, өмірді білуге негіздеу.

Сәбилерге айту, көрсету, түсіндіру, өз қолдарымен жасау сияқты әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жан-дүниелеріне біліктілік пен қоршаған ортаны тану әдістерін сіңіруге тырысамын.

Педагогтың негізгі міндеті: әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, әр баланы болашақ өмірге бейімделуіне үлес қосу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деп, болашақ ұрпақтың ата-баба дәстүрын бойына сіңірген ел тірегі болуын қалап отырғанын көре аламыз.

Отанына неғұрлым көбірек пайда келтіру, әр педагогтың, менің өмірімнің бірден-бір мақсатым, сондықтан да біз еліміздің  бүгінгі және болашақ педагогикасын қолдаймыз. Сөйтіп, жас ұрпағымыз, еліміздің болашағы, балаларымыз балабақшадан бастап салауатты тәрбие алып, ата-баба дәстүрін бойларына сіңіріп өсетін болса нұр үстіне нұр болар еді.

Ал, ол үшін тәрбиешінің білікті де білгір болып, тәрбие мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруі шарт. Осы жолда болашақ тәрбиешілер де қазіргі кезде аянбай еңбек етіп жүрген тәрбиешілер де аянбай еңбек етуі керек. Сонда ғана болашақ саналы, ұлтшыл азаматтарды тәрбиелеп, еліміздің мәдениетін, тілін, дінін сақтап, жаңа дәуірді бәсекеге қабілетті мықты ел іргесін қалайтын нағыз азамат тәрбиелейтінімізге нық сенімдіміз.

 

 

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст