Ұжыммен Наурыз мерекесіне арналған іс шараларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықты талқыладық. Мақсаты – іс шараларды өткізу барысында келешек ұрпаққа қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетін таныстыру, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда Наурыз мерекесін атап өту балаларды ұлттық мәдениетпен таныстыруға, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Наурыз мерекесін ұйымдастыру барысында балаларға қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері, тағамдары мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктері кеңейтіліп, дәріптеледі. Балалар тақпақ айтып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысу арқылы мерекелік көңіл-күйді сезінеді. Балалардың достық қарым-қатынасы және ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасады.
Мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Мерекелік бағдарламаның мазмұны тәрбиелік мәнге ие болып, балалардың дамуына оң әсер етуі тиіс.


