1 сәуір күні бөбекжайда №5 "Балдәурен" мектепалды тобының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. жиналыс "Жүректен-жүрекке" атты педагог-психолог Б.Айтмағанбетованың тренингімен басталды. Бөбекжай меңгерушісі Б.Кожанова ҚР Оқу-ағарту министрінің жаңа нұсқалығына сәйкес 2026ж. 30.03. №2-20-6/2297 хатына енгізген өзгерістері туралы ақпаратпен ата-аналарды таныстырды. 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 10 маусымнан 31 тамыз аралығында жүргізілетіні айтылды. Тәрбиеленушілерді балабақшадан шығарып, 1-сыныпқа қабылдау тәртібі туралы түсіндірді.
Жиналысқа №21 мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Шұғыла Өмірбековна және оқу ісінің меңгерушісі Гүлстан Аманжоловна қатысып, ата-аналарға мектеп формасына қойылатын талаптар туралы және 1 сыныпқа қабылдау кезінде қандай құжаттар керектігін айтып өтті. Сонымен қатар топ тәрбиешілері балалардың мектепке дайындығы жайлы ақпарат берді.






