«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру 2024ж 15.02-23.02

Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Сәуле" балабақшасы" МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы лауазымының бос орнына (Егеруақытша бос болса-қандай мерзімге дейін жазса) ашық конкурс жариялайды

 

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 200 613 теңгеден 237 376 теңгеге дейін.

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының

Дене шынықтыру нұсқаушысы

 

         Лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбеккебаулу) жетекшілік етеді.

       Балалар мен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

       Дамуында ауытқу байқалатын балалар мен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерд ізерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

       Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

      Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

      Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

       Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарғ аконсультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтарымен мүдделерін қорғайды.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді

         Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білімтуралы» ҚР заңы, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері  және санитариялық қағидаларды.

 

Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

 Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

 

 

020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,  Жайлау м/ауданы 67, анықтама телефоны: 51-32-11, detskiisad-saule@mail.ru

 

Жаңартылған күні: 20.02.2024 09:23
Құрылған күні: 20.02.2024 09:59

Текст