Семинарды бөбекжай бақшамыздың психологі Калиева Акбота Муратовна өткізді. Семинарға қала балалабақшаларынан психологтар қатысты. Арнайы құрастырылған бағдарлама бойынша: тренингтер, ашық көрсетілім, баяндама, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Ашық көрсетілім педагог - психолог Акбота Муратовна өткізді.
Тақырыбы: «Бала өміріндегі ойыншықтардың рөлі және оның маңызы»
Топ: жеке
Мақсаты:
Білімділік: Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту арқылы
балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мəдениетті қалыптастыру. Сұрақ –жауап арқылы ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.
Дамытушылық: ойлау қабілетін, сипап сезу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: бір – біріне, ойыншықтарға жылулық сезімін дамыту.
Əрекет кезеңі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тренинг.
Көрнекіліктер: түрлі ойыншықтар,қалташалар, үнтаспа, слайд.
Сабақтың барысы:
Психолог:
-Сəлеметсіңдер ме балалар?
Балалар:
- Сəлеметсіз бе?
Психолог:
- Балалар бүгінгі көңілкүйлерін қандай ?
Балалар:
- Жақсы (Қонақтармен амандасу).
Психолог:
- Балалар бəрің маған қараңдаршы.
- Барлығың қандай əдемі болып келгенсіңдер бүгін.
- Сұлу, əдемі, əсем т.б
- Бізге келген қонақтар қандай балалар?
- Өте жақсы.
- Бүгін біз ойыншықтар туралы, және олардың маңызы жайлы сөйлесеміз.
Сабақты бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрамыз:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
(балалар шеңбер жасап тұрады да, қолдарынан ұстап, көңіл күйлерімен бөлісіп, бір біріне жақсы, жылы тілектер айтады. Сергіту сәтінен кейін орындарына отырады).
Психолог: Ал, балалар сендерге рахмет! Біз келесі тренингке көшеміз.
Ең алдымен «Менің сүйікті ойыншығым» Тренинг (сұрақ – жауап) түрінде.
Сұрақ-жауап:
1. Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
2.Қандай ойыншықтар бар?
3.Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
4.Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
(Балалар жауап береді)
Психолог: Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар: Ол – ойыншықтар.
Психолог: Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар, мынау қандай ойыншық?
Балалар: Бұл – доп!
Психолог: доптың пішіні, түсі қандай?
Балалар: пініші – дөңгелек, түсі- сары.
Психолог: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар: Қуыршақ.
Психолог: -Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Балалар: Қызыл.
Психолог: -Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
Қыздар шығып көрсетеді.
Психолог: -Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар: Машинамен ойнайды.
Психолог: Ал, машинаның түсі қандай?
Балалар: машинаның түсі – сары.
Психолог: Жарайсыңдар балалар! Берілген сұрақтарға жақсы, әрі толық жауап қайтара алдыңдар.
Кері байланыс:
Психолог: Жаттығу ұнады ма?
Балалар: Ия!
Келесі бізде тренинг «Жасырынған ойыншықты сипаттап, тап!» деп аталады.
Мақсаты: көзбен көрмей, сипап сезу арқылы ойыншықты сезіну, қандай зат екенің табу, сипаттау.
Сіздер қоржынның ішіне қолыңызды салып, ойыншықтап сипап сезу арқылы не жасырынғаның тауып берулеріңіз керек.
Балалар кезекпен қоржынға қолдарын созып, ойыншықты сипаттап, тауып, алып шығып отырады. Жаттығу кезекпен жалғаса береді. Жаттығу аяқталған соң, сезімдерімен, пікірлерімен бөлісу.
Кері байланыс:
Психолог: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер қалдырды?
Балалар: Ия!
Психолог: - Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтысыңдар ғой. Кішкене серігіп алайық.Кəне жақындаңдар.( Балалар орындарынан тұрып, сергіту сәтін жасайды)
Сергіту сəті:
Балпаң,балпаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген мен болам
Аңшы көрсем қашамын
Психолог:
- Кішкене серігіп, көңіл - күйімізді көтеріп алдық.Ал енді балалар сабағымызды жалғастырайық.
Психолог:
- Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма
Сабақта ойыншықтар туралы өз ойларыңды айттыңдар, жарайсыңдар! Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен кош айтысайық.
Балалар: Сау болыңыздар!
Психолог: Сау болыңызлар!