Ашық сабақ
Тақырыбы: «Сенсорика әлеміне саяхат»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуге, түстер, сандар туралы білімдерін кеңейтуге, ұзын-қысқа, үлкен-кішкентай, кішірек ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, көркем сөз, қайталау, мадақтау.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, доптар, ойыншықтар, суреттер, пирамида, тақта.
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар мынау не?
Балалар: Себет.
Тәрбиеші: Иа, дұрыс айтасыңдар. Ал себепте не бар?
Балалар: Доптар.
-Балалар көп, біреу ұғымын ажыратып айтады.
Тәрбиеші: Ал, Балалар менің қолымда қандай пішін бар?
Балалар: Дөңгелек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар. Балалар мен қазір сендерге осы пішінді таратып беремін, кімде қандай түс екенін айтып, сол түске сәйкес себептегі допты аласыңдар.
-Балалар кезек- кезекпен түстерді атап, сол түске сәйкес себепттен өз түстерін алады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Ал енді қолдарыңдағы допты, қандай түс екенін айтып себепке салыңдар.
-Керемет, балалар, сендер түстерді ажырата біледі екенсіңдер.
Ал, ендеше, пішіндерді ажыра алады ма екенсіңдер көрейік.
-Тәрбиеші, балаларға пішіндерді көрсетеді, ал балалар олардың қандай пішін екенін және олардың қандай заттарға ұқсайтынын айтулары керек.
Тәрбиеші: Балалар, енді мына суреттерге назар аударайықшы.
-Балалар суретте не бейнеленіп тұрғанын, неше зат екенін екенін айтып, сандар туралы ұғымдарын қалыптастырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
Дидактикалық ойын: «Заттың атын ата»
- Балалар көздерін жұмып, сипап-сезу арқылы қолдарында қандай зат екенін айтады.
Мақсаты: Заттарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Жекелей жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, менің алдымда пирамида тұр. Өзі түрлі түсті, әдемі. Бірақ бір нәрсе қате сияқты!
-Балалар пирамиданың қателігін тауып, оны рет-ретімен орналастырулары керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
Қорытындылау: Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметіміз ұнадыма?
Біз қандай ойын ойнадық? Ойын да қандай заттар болды?
Пирамиданың түсі қандай екен?
Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтар мен қоштасайық. Сау болыңыздар!