Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Дайындаған: Янжима Гульжаз
Ертеңгілік барысы: топ іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.
Хамза: тақпақ айтады...
Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!
Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
-Балалар бізде қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің неше айы бар?
Не ойласаң жаңа жыл
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балалар.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаны шақырайық, естімейтін шығар, қатты дауыстап шақырайық!
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Ақшақар! (2-3рет)
Әуенмен Сиқыршы жүгіріп келеді.
Сиқыршы: Хат бар, хат бар! Сәлеметсіздерме балалар! Қонақтар!
Жүргізуші: Хат дейсізбе, бұл хат кімнен?
Сиқыршы: Аяз атадан оқыңыз.
Жүргізуші: Хатты оқиды.
Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Асығып келе жатқанымда сыйлығым шашылып қалды. Мен келгенше Жаңа жылды Сиырды шақырыңыздар!
Балалар: Жаңа жыл, жаңа жыл (2-3рет)
Сиыр: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сиыр жылы боламын. Менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Ойын:
Жүргізуші: Балалар, сендерге ұнады ма?
Балалар: йә
Жүргізуші: Сиқыршы, Жаңа жыл ендеше Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық...
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Ақшақар! (2-3рет)
Аяз ата мен Ақшақар келеді...
Аяз ата:
Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!
Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балалар сізге арнап тақпақтарын айтқысы келеді.
Тақпақтар: Балалар тақпақтар айтады... 6 бала
Жүргізуші: Рахмет, Аяз Ата! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағыпп беріңізші.
Ақшақар: тақпағын айтады....
Аяз Ата: Қуант, бізді, таңырқат. Шамдарыңды жарқырат! шыршаны жағады.
Жүргізуші: Аяз Ата, біздің балабақшаға келгенше шаршаған шығарсыз отырыңыз? Аяз Ата шырша жанына орындыққа отырады.
Сиқыршы:өз ойынын ойнатады..
Тақпақтар: Балалар тақпақтар айтады... 5 бала
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар, өте керемет!
Аяз Ата балаларды мақтайды.
Ән: «Аяз ата» ( балалар шеңбер бойында орындайды)
Аяз Ата: Өте жақсы, білімді балалар екенсіңдер.
Жүргізуші: Аяз Ата бугін біз ән айттық, би биледік, сіз бізге сыйлық бересіз бе?
Аяз Ата: Өте әдемі өнерлі балалар екенсіңдер, сіздерге сыйлығымды берейін.
Сиқыршы сен маған көмектес, сыйлықтарым ауыр болғансын жолға тастап кеткен едім, сен таяқшаңмен сиқыралап алып шықшы.
Сиқыршы сыйлықтарды сиқырлап алып шығады..
Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлық таратып қоштасып кетеді.