«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Келді, міне, Жаңа жыл!"

05.01.2021

Залға музыка әуенімен Ақшақар мен балалар кіреді.

Ақшақар: Балалар бізде қазір қандай мезгіл? Дұрыс айтасыңдар Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде қандай мереке болады?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі

Ақшақар: иа дұрыс. Ал жаңа жыл мерекесіне кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата

Ақшақар: олай болса Аяз атаны шақырайық

Балалар: Аяз ата, аяз ата, аяз ата.

Зұлым қар ханшайымы кіреді.

З.қ.х: Балалар,неге сендер шулап жатсыңдар? мерекені тойламайсыңдар.

Ақшақар: Біз Аяз атаны шақырып едік қой, ашуланба, біздің балалардың өнерлерін тамашалыңыз.

2 бала тақпақ

Арслан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Жансулу.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

З.қ.х: Жоқ сендер менің ашуымды баса алмайсыңдар. Мен сендерді қатырып тастаймын.

Ақшақар: жоқ, мүмкін сіз бізге бңр мүмкіндік берерсіз.

З.қ.х: Ендеше менің шарттарымды дұрыс орыңдаңдар. Сонда ғана мүмкіндік берермін.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ақшақар: Зұлым қар ханшайымы сенің шартыңды орындадық, сен бізге Аяз атаны шақыруға рұқсат бер.

З.қ.х: Жарайды

Балалар: Аяз ата, Аяз ата ,Аяз ата

Аяз ата: Сәлеметсіздерме балалар. Қалдарың қалай? Мен сендерді көрмегелі бір жыл өтіпті. Сендер өсіп әдемі, ақылды балалар болыпсыңдар. Мен сендерді көргеніме өте құаныштымын.

 

Ақшақар: Аяз ата, сіз жолдан шаршап келдіңізғой отырып балалардың өнерлерін тамашалаңыз. Ал балалалар сендер Аяз атаға арнап әндерің мен тақпақтарыңды  айтыңдар.

Ән: «Шырша әні»

3 бала тақпақ

Алема:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.
Інжу:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Мирас.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Аяз ата: Ой балалар менің қолғабымды зұлым қар ханшайымы ұрлап алып кетті.

З.қ.х.: Мен алған жоқпын. Мен  жолда бір қолғап көрген болатынмын мүмкін сіздікі болар.

Аяз ата: Ол қолғап болмаса сендерге сыйлықты қалай беремін.

З.қ.х: Сіздің қолғабыңыз мүмкін бір жерде тығылып тұрған болар. Балалардың өнерлерін тамашалайық, сонда табылып қалар.

Ақшақар: Иа, аяз ата біздің балалардың әлі көптеген өнерлері бар.

4 бала тақпақ

Айлана:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Раян:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Айсұлтан:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңажыл
Тартуларын арқалап.
Владимир:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Ақшақар: Балалар мереке болса болып жатыр, бірақ мерекенің сәнін келтіретін ол не? Шырша. Ендеше барлығымыз бңрге шырша шамдарын жағайық.

«Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.»

Ән: « Жаңа жыл»

Ақшақар: Біздің ескі жыл мен жаңа жылымызды күтіп отырмыз. Зұлым қар ханшайымы сен оларды қатырып тастаған жоқсыңба?

З.қ.х.: Иа, мен сендерде мереке болмасын деп қатырып тастаған едім. бірақ сендердің өнерлеріңді көріп риза болып отырмын. Ендеше мен ескі жыл мен жаңа жылды өз сиқырымнан құтқараайын.

Аяз ата: Балалар қар хайшайымы келгенше менің қолғабымды іздеп көрерміз.

 Зұлым қар ханшаймы  ескі жыл мен жаңа жылды алып кіреді. Сыйлықты ала келеді.

Ақшақар: Ал енді сыйлықтарды алдық, зұлым қар ханшайымын мейірімді еттік. Енді барлығымыз бірігіп көңіл көтеріп би билейік.

Би: «Флешмоп»

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст