«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алақай, Жаңа жыл келді»

31.12.2020

Тақырыбы: «Алақай, Жаңа жыл келді»

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.  Жаңа жыл әр біріріңіздің отбасынызға жаңа нұр , жаңа шуақ,табыс пен береке,қуаныш пен мереке  алып келсің деймиз.

Жүргізуші: Мінеки балалар, табалдырығымызды сиыр жылы аттағалы отыр. Жаңа жылдан бәріміз көп қуаныш, жақсылық күтеміз.

Жүргізуші:

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шрқайық баршамыз

Тақпақ айтып,би билеп 

Жаңа жылды бастайық 

 

Жүргізуші: балалар мен сендерге бир жұмбақ жасырайын?

Соны шешесинднр ме?

Ақсақалды шал жылына

Бір ақ-рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келтеді

 Балалар, кәне бәріміз аяз ата мен ақшақарды ортаға шақырайық орманда жүріп адасып кеткен болар . (айғайлап шақырады)

                                    (Аяз ата келеді)

Аяз ата:          

 Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілейтінім-жыл бойы

Сендердің денсаулығың!

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақшақар! Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр. Тіпті сізді көрсем деп аю да ұйқысынан оянып келіп отыр. Салтанатты шыршамыз да ортамызда жайнап тұр. Балалардың сізге арнаған тақпақары бар.Тыңдап көрейік.

Тақпақтар

Жасмин: Тақпақ, өлең жаттадық

Би үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп

 

Алдияр: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханыма елімнің

Береке, ырыс сыйлашы

 

Тимофей: Жаңа жыл, жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне, Сиыр жыл

 

Жүргізуші: Ой, балалар, сендердің шыршаларыңның шамы  жанбапты ғой, кәне  шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді айтайық.

1-2-3,  шырша шамы жана түс!     (Бәрі айтады)

Аязата: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.

 

Ж.Айсұлтан: Келді, келді жаңа жыл

Қуанып қарсы ала біл

 

Нурхан: Тамаша гой қыс деген

Қуанады бар бала

Шырша тойын тойлайды

Аяз Ата қосыла

 

Ясмин:  Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл

Кел жаңа жыл біздерге

КЕл жаңа жыл, жаңа жыл

 

Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық.

                                        

  Ән  «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз ата! Сіз алыс жолдан шаршаған боларсыз, сәл тынығып, жайғасып отырыңыз. Балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Аяз:  Ал балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?

Әмір: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін устап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән жырды

 

Әбілқайыр: Ақ көрпесін жамылып,

Ұйықтап жатқан Дала нұр

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл

 

Жүргізуші: Аяз ата, балалармен ойын ойнап алайық. (сынарын тап)

 Жүргізуші: Балалар, аяз атамызға тамаша би билеп беріп, атамыздың сыйлығын алайық.

                                 Би  «Ақшақар»

Аяз ата: Өркендерің өссін, қарақтарым! Енді мен сендерге сыйлықтарымды таратайын. Балалар, мен орманда келе жатқанда қабымды жоғалтып алдым. Қазір мен сиқырлы жібімді орманға қарай лақтырып, сыйлықтарымды тауып көрейін.

Абрка, дабрика сим салями.Сыйлықтар менің алдыма кел!

Аяз ата: Мынау не?менің әкелген сыйлықтарым басқа еді ғой. Балалар мына пима бизге керек пе?

Балалар: Жоқ керек емес.

Аяз ата: Қане тағыда сиқырлы жібінді лақтырып  көрейін. Балаларымыз күтіп қалды ғой.Абрка, дабрика сим салями.Сыйлықтар менің алдыма кел!(сыйлықтарды таратады)

Аяз ата:

Жыл айналып келгенше,

Өздеріңді көргенше,

Қош аман сау болыңдар!

Бүлдіршіндер, балалар!

Жүргізуші: Сау болыңыз, Аяз ата, .   ( кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.

 

 

Тәрбиеші: Мурзатаева Д Ж

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст