Тақырыбы: «Ақ орнанып айнала, Жаңа жыл келді далама»
(Балалар музыкамен кіреді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Баршаңызға денсаулық, өмірлеріңізге шаттық тілейміз
Жүргізуші: Мінекибалалар, табалдырығымыздысиыржылыаттағалыотыр. Жаңажылданбәрімізкөпқуаныш, жақсылық күтеміз.
Жүргізуші:
Жаңажыл да келдіміне!
Кеңбайтақменіңжеріме.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Жүргізуші: Балалар, кәне бәріміз аяз ата мен ақшақарды ортаға шақырайық. (айғайлап шақырады)
(Аяз ата мен ақшақар келеді)
Аяз ата:
Балаларым, балғыным
Өмір гүлім шалғыным
Тілейтінім-жыл бойы
Сендердің денсаулығың!
Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақшақар! Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр. Тіпті сізді көрсем деп аю да ұйқысынан оянып келіп отыр. Салтанатты шыршамыз да ортамызда жайнап тұр. Балалардың сізге арнаған тақпақары бар.Тыңдап көрейік.
Тақпақтар
Қандай әсем шыршамыз, Айзере
Ән шырқайық баршамыз.
Кезектесіп, балалар, Марьям
Тақпақ айтып береміз
Аяз ата аппақ, Димаш
Кәмпиттері тәтті-ақ
Ортада тұр Ақшақар Руслан
Көптен күтіп сағынып.
Әдемілеп біз ілген, Имран
Ойыншықтар тізілген.
Жүргізуші: Ой, балалар, сендердің шыршаларыңның шамы жанбапты ғой, кәне шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді айтайық.
1-2-3, шырша шамы жана түс! (Бәрі айтады)
Аязата: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.
Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық.
Ән «Аяз ата»
Жүргізуші: Аяз ата! Сіз алыс жолдан шаршаған боларсыз, сәл тынығып, жайғасып отырыңыз. Балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Тамаша, Тамаша Аршат
Шыршамыз тұр жараса.
Жаңа жылды біз тойлап, Ансар
Шаттанамыз бәріміз.
Қызыл ала шапаны, Бекзат
Сағындым Аяз атаны.
Аяз-ата оралды, Теона
Ақ тон киіп басына.
Кезектесіп балалар, Арлан
Тақпақ айтып береміз.
Аяз-ата оралды, Милана
Ақ тон киіп басына.
Аяз: Ал балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Аяз ата, балалармен ойын ойнап алайық. (Қар лақтыру)
Жүргізуші: Балалар, аяз атамызға тамаша би билеп беріп, атамыздың сыйлығын алайық.
Би «Ақшақар»
Аяз ата: Өркендерің өссін, қарақтарым! Енді мен сендерге сыйлықтарымды таратайын. Балалар, мен орманда келе жатқанда қабымды жоғалтып алдым. Қазір мен сиқырлы жібімді орманға қарай лақтырып, сыйлықтарымды тауып көрейін.
Абрка, дабрика сим салями.Сыйлықтар менің алдыма кел!
Аяз ата: Мынау не?менің әкелген сыйлықтарым басқа еді ғой. Балалар мына пима бизге керек пе?
Балалар: Жоқ керек емес.
Аяз ата: Қане тағыда сиқырлы жібінді лақтырып көрейін. Балаларымыз күтіп қалды ғой.Абрка, дабрика сим салями.Сыйлықтар менің алдыма кел!(сыйлықтарды таратады)
Аяз ата:
Жыл айналып келгенше,
Өздеріңді көргенше,
Қош аман сау болыңдар!
Бүлдіршіндер, балалар!
Жүргізуші: Сау болыңыз, Аяз ата, Ақшақар. (Екеуі кетеді)
Жүргізуші: Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі жылы кездескенше сау болыңыздар.
Тәрбиеші: Шаймерденова А.А
Аубакирова А.Е