1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
Тәрбиеші: Иманбаева Айгерим Хадесовна
Мақсаты: Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер: Елбасы, бәйтерек суреттері; ту бейнесі, бәйтерек ғимаратының мүсіні.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, әнұранды орындайық.
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол біздің президентіміз! Тәрбиеші: Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар: Астанада!
Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?
Балалар: Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?
Балалар: Күн, бүркіт, ою. Тәрбиеші: Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көк!
Тәрбиеші: Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар: Иә, шаршадық!
Тәрбиеші: Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші: Ол кім?
Балалар: Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан!
Тәрбиеші: Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
Балалар: Ту, әнұран және елтаңба
Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.