«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық сабақ « Елін сүйген – Елбасы!»

04.12.2020

Тақырыбы: « Елін сүйген – Елбасы!»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті жөнінде түсінік беріп , еліміздің - бас қаласы Астана жайлы әңгімелесу. Мемлекеттік рәміздер тұралы білімдерін дамыту. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезім, Өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу, рухани отансүйгіштік сезімді бойына сіңіру.

Сөздік жұмысы: «Елбасы», «Отан», «Туған жер».

Билингвалдық компонент: Отан- Родина, Елбасы- Президенет

Көрнекіліктер:  Елбасының өмір жолы бейнебаяны, Елбасы фото-суреті, рәміздердің суреті.

Шаттық шеңбері:

Сәлем саған туған жер,

Сәлем саған көк аспан.

Сәлем жаңа достарым,

Сәлем менің балабақшам.

Қане бір-бірімзіге жылы лебіздер білдірейік: мейірімді бол, талапты бол, көңілді бол,т.б Жарайсыңдар балалар қане орнымызға жайғасамыз.

Қазақстан Республикасының ән ұраны.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде күн қандай болады?

Балалар: Салқын,далада қар жауады.

Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?

Балалар: Ақ,жұмсақ, мамық болады.

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атамызбен танысамыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсуіруіне көмектесіп,шөпшек тиеп,отын жарған.Мектепті жақсы оқып білім алған.Елбасының арманы ұшқыш болу еді.1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинантында жұмысшы болып, домна пешінің аға газдаушыға дейін жолдан өтті, 1977-1979 жылдары Қарағанды обылыстықпартия камитетінің 2-ші хатшысы болды.1991 жылы 1 желтоқсанда жалпы халықтық сайлау өтті, нәтижесінде Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 98,7% Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының ең алғашқы Президенті болып сайланды.

1-сурет:Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы туралы бейнебаян.

Сергіту сәті: 

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды соғамыз.

Құс боп қанат қағамыз,

Бір отырып ,бір тұрып ,

Орнымызды табамыз.

 

2-сурет: Қазақстан Республиксының рәміздері.

Қорытындылау:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Нұрсұлтан Әбішұлы ол кім?

Қазақстан Республикасының рәміздерін қайталап айтып шығайықшы.

 

 

 

Тәрбиеші: Аубакирова А.Е.

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст