«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ: "Геометрикалық фигуралар"

25.11.2020

№38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасы

«Балдырған» ортаңғы тобы

Тәрбиеші: Сулейменова А.Т

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика негіздері.
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Қолданылатын материалдар: Сиқырлы қалта, геометриялық пішіндерге ұқсас заттар, тапсырма орындау үшін қағаз, қарындаш, геометриялық пішіндер әр балаға, үлгілер.

Ойын техналгоясын қолдану.

 

I. Ұйымдастыру – іздену

Балалар бізге келген бүгінгі қонақтармен амандасып алайық!
Балалар қонақтармен амандасады.

Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым – балапан
Бәріне ортақ алақан.
Бір дыбыс естіледі.

Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі сиқырлы қалтаға аударып:
«Балалар дыбыс осы қалтадан шығып жатқан сияқты, сиқырлы қалтада не бар екенін білгілерің келе ме?» - деп сұрайды.
Ендеше қазір біз сиқырлы қалтаны ашып көреміз.
Айсұлтан келе ғой, енді сен көзіңді жұмып сиқырлы қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Сиқырлы қалтадағы қалған геометриялық пішіндерді басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады. Ал енді балалар, біз геометриялық пішіндерді санап шығайық.
Балалар біз геометриялық пішіндерді қалай санадық?
Енді қалай санауға болады?
1-ден 4-ке дейін тура және кері санау.

 

Дидактикалық ойын: Шеңберге ұқсас заттарды білесіңдер ме?
Біздің тобымыздың ішінде шеңберге ұқсас заттарды атаңдар.
Шеңбердің бұрышы барма?
Ендеше балалар орнымызға отырып, достарымызға шеңберді қалай сызу керектігін көрсетейік. Бізге шеңберді сызу үшін көмекке қалам келіпті:
Қаламды қайсы қолға ұстау керек?


Ал енді балалар алдарыңдағы қағазды сол қолдарыңмен басып, қағаздың сол жақ бөлігіндегі салынған затты санап, оң жақ бөлігіне сонша шеңбер

саламыз. Балалардың жұмысы. Тәрбиеші қиналған балаға жеке көмек көрсетеді. Енді жанымызда отырған достарымыздың жұмысын тексеріп

шығамыз. Ал енді балалар орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық:
Айтыңдаршы үшбұрышқа ұқсас заттарды білесіңдер ме?
Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?
 

Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Бұл ойында барлығымыз неге айналамыз?
Ендеше құстарым мұқият тыңдаңдар, Мен қазір, «Күн шықты!» - деген кезімде сендер не істеулерің керек?
- Жаңбыр жауды деген кезде не істейсіңдер?
- Жарайсыңдар
- Үйдің шатыры неге ұқсайды екен?
Көк аспанға қараймын(қолды көлегейлеп аспанға қарау)
Кеткен құсты санаймын (саусақпен санау)
Үшбұрыш боп тырналар(үшбұрыш етіп төбесіне қолын ұстау)
Жылы жаққа оралар! (қанаттарын қағып, айналып ұшу)
Дидактикалық ойын: «Жоғары, төмен»
Ал, балалар орнымызға отырайық! Алдымыздағы қағаздағы сызыққа мән берейік, қағаздың ортасынан бөлінген. Сондықтан қағаз екі бөлімнен тұрады.
Қане кім, осы бөліктерді атайды?
Балалардың жұмысы. Жеке көмек.
 

Дидактикалық ойын: «Есте сақтау қабілетіне арналған» Үлгіге қарап геометриялық пішіндердің орналасуын мұқият көріп алып, есінде сақтағанын қағаз бетіне қойып шығу. Үлгіге қарап өз жұмыстарын тексеру. Геометриялық пішіндерді қай жерге орналастырғанын өз бетінше айта білуге ынталандыру.
Сәлеметсіздер ме!
Санамақты саусақтарын дұрыс көрсетіп, барлығы бірге сөзіне сай жатқа айта білді.
- Иә, білгіміз келеді.
Сиқырлы қалтаны көріп, ішінде не бар екенін білуге қызығушылықпен келісті.
- Біз пішіндерді тура санадық.
- Кері санауға болады.

Алма, доп, апельсин, мандарин, бағдаршамның көздері, шәйнектің қақпағы, машинаның доңғалағы, шкафтың тұтқасы, шарлар, шеңбердің бұрышы жоқ, ол дөңгелек, домалап та кетеді.
Бүгін біз не үйрендік, достарына айтып беру.


Сабақта не үйренгенін өз бетінше айту. Ерекше көзге түскен балаларды марапаттау.
Өз ойын жеткізіп айта алды.
 

Күтілетін нәтиже:
Білді: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды.
Игерді: Геометриялық пішіндердің орналасуын өз бетінше ажыратуды.
Меңгерді: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды дұрыс атауды.

 

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст