«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ: «Үлкен-кішкентай, Біреу-көп»

25.11.2020

МКҚК  №38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасы

«Айгөлек» тобы

 

Күні: 10.10.2020

Тәрбиеші: Шаймерденова А.А

Білімсаласы :Таным

Бөлімі :Сенсорика

Тақырыбы: Үлкен-кішкентай, біреу-көпұғымдарыментаныстыру

Мақсаты: Балалардыбірінғайзаттардысенсорлықбелгілерінеқарайажырату

Білімділік: Үлкен-кішізаттардысалыстырабілугеүйрету

Дамытушылық: Балалардыңойлауқабілеттерінарттырып ,тілдеріндамыту

Тәрбиелік: Балалардықамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастағанісінаяғынадейінжеткізебілугетәрбиелеу.

Әдісі: сұрақжауапалуарқылыәнгімелеу,көрсету,түсіндіру,бақылау,сипапсезу, есту, ойнату,мадақтау.

Көрнекілік: суреттер,ойыншықтар,құрастыруматериалдар.

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасайық.

 

Шаттық шеңбер

Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды

Қуанышпен шат күліп

Қарсы алайық арайды

 

Балалар бүгін біз сендермен үлкен-кішкентай, біреу-көп деген ұғымдарды қайталаймыз.

Қараңдаршы сендердің алдарында екі үй тұр.

  •  Қайсы үй үлкен, қайсы кішкентай?
  • Ал енді мынау ненің даусы, қане тыңдайықшы? (Ит пен күшіктің даусын естірту). Осы екі дауыстың қайсы үлкен иттің дауысы, қайсы кішкентай иттің дауысы?
  • Балалар қараңдаршы осы екі үйді үйді күзетуге бізге екі ит келді. Екеуінің қайсы үлкен, қайсы кішкентай? Қай ит қай үйді күзетеді?
  • Енді балалар, иттерді қане әшекелейік. Менің қолымда бантик бар? Бұлардың көлемін сипаттап беріңдерші. Қандай бантикті қай иттің мойнына тағамыз.

Балалар, сендер сұраққа өте жақсы қатыстыңдар. Қане бәріміз бір серігіп алайық. Қазір сендермен ойын ойнаймыз. Мен бір деп айтқанда сендер бір рет шапалақтайсыңдар, көп деген кезде көп рет шапалақтайсыңдар. Ойын  шарты түсінікті ме? Қане бастайық.

         Балалар енді бізге қонаққа қуыршақ пен қонжық келді. Ен алдымен біздің қонақтарымызға ат қойып алайық.

  • Қуыршақтың атын қалай қоямыз, қонжықты қалай атаймыз?

Қуыршақ-Айя, Қонжық-Али болсын. (Балалардың жауабы)

Енді біздің қонақтарымыз ойыншықтармен ойнағылары келеді. Мына себетте тұрған не балалар?

-Бұл себетте доптар нешеу? Біреу менемесе көп пе?

-Бұл доптарды себетімен Айяға берейік, ал бір допты Алиға берейік. Сонда қолдарында неше доптан бар? Айяда нешеу? Алида неше доп?

Біздің Айя өзінің доптарын сендерге таратып бермекші. (Балаларға таратаып беру). Әрқайсынан сұрақ-жауап алу.

  • Ерсали сенің қолында неше доп бар?

Ерсали: Көп доп бар.

  • Айзере сенің қолында неше доп бар?

Айзере: бір доп бар.

Балалар,  бүгін сендер өте жақсы қатыстындар. Белсенді болдыңдар.

Бүгін біз сендермен қандай ұғымдарды қайталадық? Бізге қонаққа кімдер келді?

         Қараңдаршы менің қолымда екі қапшық бар. Қане ішінде не бар екенін алақанымызбен сипап, саусақтарымызбен ұстап көрейік.

  • Қапшақтың ішінде не бар?
  • Қай қапшықта ойыншық үлкен, қай қапшықтан кішкентай ойыншық?

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады деп ойлаймын.

Сау болыңдар, балалар!

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст