«Күз береке, күз мереке»
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша «Күз береке-күз мереке» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер.
Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық.
Ендеше Бүлдіршіндеріміздің әнің қабыл алыңыздар.
Ән: «Алтын Күз»
Осы кезде ішке сары киім киген түрлі-түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді (Әсем әуен ойналады).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен – Алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.
Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!
Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Тәрбиеші: Рахмет, саған Алтын күз!
Қабыл алдық сыйды біз!
Жайғасып отырыңыз!
Тәрбиеші: Алтын Күз біздің балалардың сізге арнаған өлең, тақпақтары,шағын көріністері бар екен. Бізбен бірге тамашалайсыз ба?
Алтын күз: Иа, Әрине
Тәрбиеші: Ал олай болса кішкентай бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Айсұлтан: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Айару: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Ернұр: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде
Алдияр:
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Өте керемет.
Тәрбиеші: Алтын Күз біздің балалар биде билей алады. Канекей тамашалайық ендеше
Би: «Робот».
Алтын Күз: Өте керемет, жарайсыңдар. Өнерлі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Иа, біздің балалр өте өнерлі. Ән де, тақпақ та, би де билейді. Тіпті ертегіде ойнап бере алады.
Ертегі: «Бауырсақ»
Кейіпкерлер: Айсұлтан –ата,
Жасмин –апа,
Әмір – бауырсақ,
Асылым – қоян,
Тимофей – қасқыр,
Әбілқайыр – аю,
Айару – түлкі.
Алтын Күз: Ой ,қандай тамаша, кішкентай болсада өте өнерлі екенсіңдер. маған ұнады.
Тәрбиеші: Келесі кезекте балалардың тақпақтарын тамашалайық.
Тақпақ:
Асылым: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Ж.Айсұлтан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Әмір: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Алтын Күз: Керемет, өте тамаша. Балалар менің сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Жапырақтар»
Тақпақ:
Тимофей: Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой
Жасмин: Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап – сары
Нұрхан: Астық дала сәулеті,
Астық отан дәулеті.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Әбілқайыр: Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты
Тәрбиеші: Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты, - демекші Алтын Күз сізге айтар алғысымыз көп.
Алтын Күз: Сіздерге де рахмет. Көрсеткен өнерлеріңізге, сый-құрметтеріңізге көп рахмет. Енді, менің басқа балалардың өнерлерің тамашалауым керек. Сол себепті басқа балабақшаға баратын уақытым келді. Кездескенше сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап, Алтын күз шығып кетеді).
Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді кермет әуенмен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Ән: «Күн суытты далада»
Тәрбиеші:
-Құрметті ата-аналар, қонақтар, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар қонақтар,
Келгенше жыл айналып».