«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз!"

02.11.2020

«Алтын күз!»

 

Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін  ұғындыру, мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, ертегіні схналай алатын дай ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі ән ойналып тұрады. Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп  орындықтарға жайғасады

Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз

Жасымызбен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр беріп

Армысыздар құрметті қонақтар және «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтандай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады.

Балалар мен сұрақ жауап күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы

Тәрбиеші: Балалар сендер күз туралы ән, тақпақ білесіңдер ме?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Балалар ендеше күзге арнап жаттаған тақпақтарыңды ортаға шығып айтақойыңдар.

Тақпақ:

Марьям: Алтын, сары, қызыл, көк

                 Алуан – алуан жапырақ.

Айзере: Күзгі бақта күлімдеп,

               Көз тартады атырап

Руслан:Алқаптан бидайды,

                Қоймаға ел жинайды.

Ерсали: Ай жапырақ – сары алтын

               Айналаның бәрі алтын.

Димаш:Тырнасы тізілге,

                Ұнатам күзді мен.

Ән: Күз, күз. Кел, кел.

Балалар хор мен әнді айтады

Тәрбикші: Жарайсыңар балалар сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер.  Ал балалар сендер  ертегі  тыңдағандағыларың келе ма?

Балалар: (хормен жауап береді)

Тәрбиеші:Ендеше мұқият тыңдаңдар, мен  сендерге  «Шалқан»  ертегісін айтып берем.

Балалар тыныш отырып ертегі тыңдайды

Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?  Ендеше балалар осы ертегіні өздерің сахналап бергілерің келе ма? Олай болса отаға келіңдер ертегіні ойнап берейік.

Балалар өздеріне ұнаған рөлдерді алып  «Шалқан»  ертегінсін сахналап береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте қызықты ертегі болды рахмет сендерге.

Тақпақ:

Асанәлі: Сарғайды тоғай,

                 Сап – сары маңай.

Аяла: Берекесін сыйлауға,

 Өлкемізге күз келді.

Ансар: Жемістерін жинауға,

               Шақырады біздерді.

Имран:Қуандырып біздерді,

               Өлкемізге күз келді.

Аршат: Кел, жемісті алтын күз,

               Қуансын еліміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Сендер шаршаған шығарсыңдар барлығымыз ортаға келіп ойын ойнап, бір серігіп алайық.

Ойын: «Жапырақ жинау»

Балалар: Ортаға шығып шашылып жатқан жапырақтарды жинайды.

Тәрбиеші: Жрарайсыңдар балалар. Сендер өте жылдам екенсіңдер. Балалар енді осы әдемі жапырақтар мен би билеуге қалай қарайсыңдар. Қанеки  қонақтарға  «жапырақтар» биін билеп берейік.

Балалар: Ортаға әдемілеп түрып «жапырақтар» биін билейді.

Тақпақтар:

Теона: Жемісі мол теретін,

             Күз дос екен бізбенен.

Милана: Ой, балалар, балала

                 Қоңырқай күз  болыпты

Амина: Қуандырып біздерді

               Мерекелі күз келді

Арлан:Бәрін тауып беретін,

              Жомарт екен күз деген

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ал енді балалар күз турулы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер, күзге арналған тағы бір әнімізді айтып берейік ия!

Ән: «Кап-Кап»

Балалар: Орындарында әдемі түрып ән айтады.

Қорытынды: Қысқаша сұрақ-жауап арқылы ертеңгілікті қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 233


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст