«Күзгі ертегісі»
Ересектер тобы:
Залға музыка әуенімен түлкі мен қоян кіреді.
Түлкі: Не деген үлкен шалқан?
Қоян: Алып кетейікші.
(Қоян мен түлкі шалқанды тартып көреді. Жұлынбайды.)
Музыка әуенімен ата келеді.
Ата: Түлкі, қоян сендер мында не істеп жүрсіңдер? бұл менің еңбегім ғой. Мен көктем мезгілінде егін егіп күз мезгілінде жинап аламын.
Түлкі, Қоян: Кешірші бізді ата
Ата: Мен сендерді кешіруім үшін маған бір өнерлеріңді көрсетіңдер.
Тақпақ:
Дархан: Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Раян: Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ата: Қане мен шалқанды жұлып жинап алайын. (тартады,тарталмайды). Мен жалғыз тарталмай жатырмын, көмекке кемпірімді шақырайын.
Кемпір кіреді. (шалқанды екеуі тарталмайды.)
Кемпір: Мен шалқанға күз туралы тақпақ айтып берейін мүмкін,сонда шалқан шығатын шығар.
Тақпақ:
Жания: Сап сарығып даланы
Бояптығой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Әжесі: немересін шақырады.
Немересі,әжесі ушеуі тартады шықпайды.
Немересі: Бәлкім мен де өз өнерімді көрсетіп бир тақпақ айтайын.
Жансұлу: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып – теріп болғансоң
Той жасайды халқымыз.
Немересі: Мен достарымды көмекке шақырайын. Бәріміз өлең айтып берейік шалқанға.
Ән: «Күз келді молшылық»
Тақпақ:
Айя: Күн суытып
Жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды.
Ильжан: Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Әділ: Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Владимир: Алтын,сары,қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап.
Айсұлтан: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық.
Інжу: Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Айару: Алтын күз ,алтын күз
Келді міне жарқын күз.
Алема: Қарашы күз келді,күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Немересі: Мен енді көмекке итімді шақырайын. (Ит келіп көмектеседі,шалқан шықпайды,ит тақпақ айтып береді)
Мирас: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне,алтын күз!
Ит мысықты шақырады.
Мысық келіп көмектеседі, бірақта шалқан шықпайды. Тақпақ айтып береді.
Айлана: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Алтын күз тышқанмен бірге кіреді.
Алтын күз: Мен сендердің шалқанды шығара алмай жатқандарыңды естіп, келе жатсам жолда тышқанды кездестіріп екеуіміз сендерге көмекке келдік. Көңіл күйлерің жоққой. Қане бәріміз ойын ойнап көңілімізді көтерейік.
Ойын : «Көкөністер мен жемістер»
Ән: «Күз тамаша!»
Ата: күз ханшайымы да келіп жетті. Енді қане бәріміз шалқанды тартып шығарып көрейік. (Сол кезде шалқан шығады).
Ата: қандай жақсы болды балалар,сендерге көп рахмет шалқанды сендер болмасаңдар жұла алмас едік. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп айтады. Мінекей барлығымыз бірігіп шалқанды алып шықтық жарайсыңдар! Енді барлығымыз қуанып би билейік.
Би: «Достар»
Алтын күз: Ал енді балалар мен ары қарай сапарымды жалғастырайын, менің көмегімді күтіп отырған балалар бар шығар. Мына сыйлықты қабыл алыңдар. (себетттегі алмаларды береді.)
Ата: рахмет сізге алтын күз! Сау болыңыз! Ал балалар бізде бұл алмаларды жуып, үйге барып жейік. Бақшамыздан жинаған жемістер мен көкөністерді үйге апарыйқ. (музыка әуенімен кетеді)