«Сәлем саған , Алтын күз !»
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Қуан,шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы таң!
Армысыздар аяулы менің кішкентай бүлдіршіндерім. Балалар бүгін күз мерекемізді тойлап, қарсы алайық.
Елімізге келіпті ғой алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз
Кім табады,кім табады.
Қандай екен алтын күз.
(Музыкамен залға күз кіреді)
Күз:-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Күз ханшайымымын. Сіздерге келе жатып, жапырақтарды сарғайтып, жаңбырды сіркіретіп, желді соқтырып, ауаны суытып келдім.
Жүргізуші: Біз олардан қорықпаймыз. Өлеңмен тақпақпен күзді қарсы аламыз.
Маша:Алтын,сары, қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ.
Кирилл:Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Егор: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Әбілмансур:Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Жасмин: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Арлан:Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Ән «Тук -тук»
Күз: Қандай дауыстарың әдемі әрі нәзік!Шеттеріңнен әнші екенсіңдер.
Жүргізуші:Күз –Біздің биіміз де бар . «Жапырақтар »биі.
Ал енді сіздермен ойын ойнайық.
Ойын «Жапырақ жинау»
Жүргізуші: Ал енді Күз ханшайымы біздің балалардың сізге арнап ән айтады, тамашалаңыздар!
Ән « Алтын күз»
Тақпақтар;
Арина: Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Алинұр: Ай жапырақ- сары алтын
Айналанын бәрі алтын.
Мариям: Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.
Інжу: Кел, жемісті алтын күз,
Қуансын еліміз.
Арман: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Жасур: Ой, балалар , балалар
Қоңырқай күз болыпты
Шынғысхан: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Аймира:Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген
Осы кезде залға Қоян кіреді.
Қоян: Мында не болып жатыр не шу!Неге шулайсыңдар???
Күз: Қоян , сен балаларды ренжітпе. Олар біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз. Күз мерекесін тойлап жатырмыз.
Қоян:Күз мерекесін?Жарайды тиіспеймін.Менің де бақшам бар, сонда жемістер мен көкөністер пісті.
Күз: Қоян балалар саған көмектеседі, көкөністерді жинауға. Бәріміз ойын ойнайық.
Ойын «Көкөністер жинау»
Қоян: Мен отыра отыра шаршадым . Менімен бірге сергіту сәтін жасайық
Аю -аю тұршы.
Қоян :Керемет балалар маған сендермен ұнады. Бірақ менің кетуім керек.мен сендерге сыйлық ала келдім.Тамаша балалар, ал енді әкелген сыйлығымды таратайын (сыйлықты беріп шығып кетеді)
Күз ханшайымы: Ал балалар менің де кететін кезім болды , келесі кездескенше қош сау болыңдар!
Жүргізуші:Осындай көңілді нүктемен біз кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет. Сау болыңдар!
Өткізген: тәрбиеші Амрина С.Б.