«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-налармен мерекелік іс-шара

13.01.2017

Ақмола облысы                                                                                                                                                           

Көкшетау қаласы білім бөлімі жанындағы                                                                                                                     МКҚК

№38 «Сәуле» балабақшасы

Тел:

(87162)-26-25-28

        (87162)-33-53-49

        (87162)-72-15-19

 

                         

Қазақстан

Республикасының Тәуелсіздік күніне

 

 

 

Ата-аналармен салтанатты

кеш

«Бір шаңырақ астында»

 

 

 

 

               Орындаған  тәрбиеші:

 Адилова

Гулбаршин Сакеновна

сот: 8707-771-14-31

 

Меңгеруші:

Сексенова Гульмира Сайлаубековна

сот: 8705-424-88-80

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау – 2016ж.

 

«Бір шаңырақ астында»

 

Мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы,

басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.

Елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдеп-ғұрпын сыйлауға

үйрету.

-Құрметті ата-аналар, әріптестер. Бүгін біз бірлесіп

отырған еліміздің Тәуелсіздік  күніне

және кішкене отанымыз Отбасымызға арналған салтанатты кешімізге қош келдіңіздер.

Тәрбиеші:

Қазақстан- егеменді байрақты ел

Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел

Ата Заңым елдігімнің еңсесі

Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Бұзылмас мәңгі оның бал қаймағы

Достығым бақыт, бірлік, мол қайнары,

Көркейсін Тәуелсіз ел Қазақстан

Желбіреп аспанында көк байрағы.

Балаларды

қарсы алу.

Бүлдіршіндер ән залына Е.Хасангалиевтің «Атамекен» әнімен

кіреді.

Әнұран

орындалады.

Әнуар:

Желбіреген көк туым

Көтерілер шақтығым

Қазақты әлем таниды

Егемен ел боп бүгін.

Нұрислам:

Ел таңбасы елімнің

Неткең көркем әдемі,

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Әсия:

Жайдарлы жерім бар

Өрісті елім бар.

Ерлікке баулитын

Егемен елім бар.

Тамирис:

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Жазира:

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек  ортак, жер

ортақ

Ортақ бізге барлығы.

Камила:

Отан деген -  Атамекен

Отан деген – Туған жер

Отан – Ана

Қазақстан туған ел.

 Балалар отырады.

1986жылдың 16желтоқсанында Алматы қаласында жастардың

көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Досанова,

Сабира Мұхамеджанова т.б  Тәуелсіздікке

ой салып  - егеменді ел болдық.  

Слайд  «Желтоқсан ызғары».

 Қайсар

батырларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

Қажымұқан Нұрисламның анасының орындауында «Желтоқсан

желі» әні.  (Сөзі: А.Асылбеков     Әні: Т.Нәлиев )                    

Еліміздің тәуелсіздік алғалы 25жыл ішіндегі жеткен

жетістіктерімізге назар аударыңыздар.

Слайд

«Тәуелсіздікке 25 жыл»

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Елімізде орыс,татар, неміс

тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады.Басқа ұлт болса да еліміздің салт дәстүрін, тілін

білуге, қадірлеуге тырысады. Балалары біздің қазақ балабақшасына келіп, бізбен

бірге мәдениетімізбен, тілімізбен танысады. Қазір біз өзге ұлт жанұяларының

қазақшаны қалай игергенін отбасылық сайыста тамашалаймыз.

Әділ

қазылармен таныстыру.

Сайыскерлерді

ортаға шақыру.

      Алға мақсат қоятын

Бірігіп оны жоятын

Ермаковтар отбасы

Еңбекқор, шебер әрқайсы

      Тату тәтті тұратын

Бірге жоспар құратын

Мингазевтар отбасын

Қарсы алайық баріміз.

   Қиындықтан

қашпайтын

Ойлаған ойдан қайтпайтын

Таныстырғым келеді

Шатковскийлардың отбасын

    Алған беттен

қайтпайтын

Желден де жүйрік озатын

Келіп тұр бүгінгі сайысқа

Петрухиндар отбасы.

    1 – кезең  Таныстыру.

   Балалардың

таныстыруы:

Сәлем берем сіздерге

Сәлем басқа елдерге

Иустиния Павелқызы

Шаттық тілейді бәріне

     Сәлем берем

ағайын

Көңіл күйін табайын

Рашид ұлы Радмир

Анам Натальямен

   Евгений әкем

менің

Егор деген еркесімін

Мерекемен құттықтап

Бақыт сіздерге тілеймін

     Таңмен күліп

оянам

Алтын нұрға боялам

Әке шешемді сүйемін

Александра мен боламын

2 – кезең . Ендігі

кезек  мақал мәтелдер жарысы \өз

отанымыз,тіліміз жайында\

1топ

Туған жерге ......... (туың) тік.

Отансыз адам,                                                                                                                   

ормансыз ........ (бұлбұл)

Басқа елде ............ (сұлтан) болғанша,               өз елінде  ұлтан бол.

2топ

Отан ..................... (отбасынан.)

басталады.

Ел үмітін ........ (ер

ақтар.)

Туған жерім, алтын ............. (бесігім.)

 

3топ

Өз үйім өлең ........... (төсегім)  

Туған жердей ....... (жер

болмас,      туған ...........  (елдей)    ел болмас.

Отан - ........... (оттан.) да ыстық.

4топ

          Туған жер

– алтын ( бесік)

          Өз елім –

өлең (төсегім)               

         Туған

жердей жер (болмас)

      3 - кезең

Өнер сайысы:

      4 – кезең

  Ою - өрнек  салу

(Көрермендерге  сұрақтар қойылады)

1.    

Біздің мемлекетіміз

қандай?

2.    

Біздің Елбасымыз

кім?

3.    

Қазақстан

Республикасының бас қаласы қай қала?

4.    

Біздің тіліміз

қандай?

5.    

Ұлттық валютамыз,

ақшамыз қалай аталады?

5 – кезең

Қол өнері

(Ұлттық нақышта)

6 – кезең

Мәнерлеп оқу

 1 – топ

Ана тілім –

анам

Аппақ қардай

арым.

Ұран еткен

бабам

Жарқыраған

шамым.

 2 – топ

Біздің Отан

Қазақстан,

Елбасымыз

Нұрсұлтан.

Орталығымыз

Астана

Жаңа туған

жас қала.

  3 – топ

Ана тілім

менің

Әлдилеген

әнім,

Ана тілім

менің

Басты бақыт

құсым.

  4 – топ

Достық өмір

тірегі

Достық

баршаның тілегі.

Татулық

дәйім сақталса

Қуанып  соғар әр адамның жүрегі.

7 – кезең

Топтарға

Қазақстан Республикасы туралы сұрақтар.

1      

– топқа сұрақ.

1.   Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды ? 1991, 16желтоқсан    

2.   Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? 22қыркүйек

2       – топқа сұрақ                                                                     

1.    

Тәуелсіздік алуымызға жай

жылғы  оқиға себеп болған?осы оқиға қашан

болды? желтоқсан оқиғасы, 1986жыл,16 желтоқсан

2.    

Еліміздің Ата Заңы қай жылы

қабылданды? 1995ж , 30тамыз

3       – топқа сұрақ

1.    

Президент қай жылы, қай күні

алғашқы рет ант берді? 10.12.91жыл

2.    

Ақмола қаласы Астана қаласы деп

қай  жылы аталды? 6.05.1998жыл

4      

– топқа сұрақ

1.     Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? 1992ж,7маусым

2.    

Қазақстанның ел

ордасы қай қала?

8 – кезең

Қол өнері сайысы.

 Тәрбиеші:    Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткіземе мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме

Қатысу да бір жеңіс, сақтай жүр есіңде.

Әділ

қазыларға сөз беріледі. Марапаттау.

  Балалар сахнаға

шығып  «Отан»  әнін орындайды.

Әр отбасы уықтарды ұстап, елімізге тілектерін білдіреді,

балаларға шар беріледі.

Тәрбиеші: Бір шаңырақ астында,

Тату – тәтті тұрамыз.

Бірге ішіз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Қазақстан – мызғымас ұлы Отан,

Қаншама ұлт өкілі басын қосқан.

Бір ананың баласындай тату – тәтті,

Тәуелсіз еліміздің жырын айтқан.

Ардақты ата – аналар алтын уақыттарыңызды бөліп біздің

кешімізге  белсене қатысқандарыңыз үшін

алғыс білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1топ

Туған жерге .........  тік.

 

Отансыз адам,                                                                                    

                               Ормансыз

........

 

Басқа елде ............ болғанша,              

Өз еліңде 

ұлтан бол.

 

 

 

2топ

Отан ..................... басталады.

 

Ел үмітін ........

 

Туған жерім, алтын .............

 

 

 

 

3топ

Өз үйім өлең ...........

 

Туған жердей .......,     

Туған ........... 

ел болмас.

   

      Отан -

........... да ыстық.

 

 

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст