МКҚК №38 «Сәуле» бөбекжай
бақшасының іс-шаралары
Балалар-біздің болашағымыз,оларға ұлттық құндылықтарды
бойына сіңіру қажет.Бөбекжай бақшамыз осыған көп назар аударады. Тәрбиеші Жусупова Ляззат Кеңесқызы «Сиқырлы
қоржын» атты тақырыптық сабақ өтті .Балаларға слайд арқылы қоржын не екенін түсіндіріліп,ою-өрнектерді
жапсырып, келген қонақ қуыршақ Мадинаны қарсы алып, риза болды. Қонақтың
тапсырмалары орындалды.Осындай тартымды,сабақтар келешек ұрпаққа тәрбиелі болып
өтуіне ықпал етеді.
Қазіргі таңда балабақшаға
үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі-баршаның ісі. Ата-аналар мен
балабақша тығыз байланыста екені бәріне мәлім. «Сәуле»бөбекжай бақшасында Тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына әр түрлі іс-шаралар өткізілуде. 5-ші ересек тобында ата-аналарының
арасында спорттық отбасылық сайыс өтті. Жас маман дене шынықтыру мұғалімі
Қайыржан Құрман Еслямбекұлы және тәрбиешілер
Карбаева Р.К, Рахимбаева М.М.бірлесіп
есте қалатындай 6 кезеңдік ойын-тартыс жүргізді.Балалардың және ата-аналардың
әр түрлі жаттығулар жасату арқылы денсаулықтарына, қарым-қатынастарына көңіл
бөлінді. Ата-аналар марапаттау қағазға иеленіп, ризашылықтарын білдіртіп кетті.