Тақырыбы: «Менің
отбасым»
Білім беру саласы:
Коммуникация
Бөлімі: Көркем
әдебиет
Мақсаты:
Білімділік:
балаларды өзінің отбасылары,сүйіктілері,олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы
әңгімелеуге талаптандыру;
Дамытушылық: отбасы бұл бірге тұратын,бірін-бірі сүйетін,бір-біріне
қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру;
Тәрбиелік: өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Билингвистикалық компоненттер:
Отбасы – семья, ата-дедушка, әже-бабушка, әке-папа, ана-мама.
Қажетті құрал-жабдықтар:
«Отбасы», алма суреттері, ағаш макеті, түрлі-түсті бояулар, альбом.
Шаттық
шеңбері:
Бір үйдеміз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз
Бас бармағым - әкем,
Балан
үйрек - анам,
Ортан
терек - ағам
Шылдыр
шүмек - мен
Кішкене
бөбек - сен
Бір
үйде біз нешеуміз?
Бір
үйде біз бесеуміз.
-
Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті көрсету)
- Бұл суретті қалай атаймыз? (Отбасы) - Отбасында неше адам? (оларды
ата). - Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос
уақытында немен айналысады).
- Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.
Кімнің маған сұрағы бар? (балалар сұрағына жауап береді) - Ал сендер жұмбақ
шешкенді жақсы көресіңдер ме? (балалардың жауабы)
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім
туралы айтылғанын табыңдар.
Жұмбақ:
1.Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, сендерге
жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ертегі айтып береді.
-Бұл кім? (әже)
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық
жауап беруін талап етеді )
2.Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды
біледі. Ол
әжеге көмектеседі, немерелеріне таттілер алып береді.
- Кім бұл? (ата)
Ол сен үшін ең қымбат адам.Үнемі үй тірлігімен айналысады, - Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым,
анатайым).
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
- Және соңғы жұмбақ..
Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді
циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім? (әке)
-Дұрыс - Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)
-Бәрекелді,балалар жұмбақтарды дұрыс шештіңдер. Сендер ақылды,білімді балалар болып өсіп келе жатыр
екенсіңдер балалар,жарайсыңдар.
Қане,балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайық.
Сергіту
сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық
Ең үлкен алманы,
Анамызға сыйлайық, - жарайсыңдар!
Балалар сендер білесіңдер ме? - Мынау қандай ағаш? (алма ағашы)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар біз алма ағашына су құймасақ,оған
қарамасақ дұрыс өспейді. Сол сияқты отбасына да қамқорлық, мейірім, жылулық
қажет. Сонда ғана отбасымыз мәңгіге сақталады.
- Қане, балалар отбасы мүшелерінің суреттерін ілейікші.
- Жарайсыңдар балалар.
Енді ойын ойнап бір сергіп алайық «Кім жоқ» - дидактикалық ойын: Тақтада
отбасы мүшелерінің суреттері ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші
тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият
қарап шығып ,кімнің суреті жоқ екенін айтады.
-Жарайсыңдар балалар,есте сақтау қабілеттерің өте жақсы
дамыған екен.
Балалар отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме?(иә)
-Қане,айтайықшы:
Асқар: Анам кетсе жұмысқа,
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап,
Анама арнап ән салам.
Дария: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
-Жарайсыңдар, балалар! Ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды
жақсы көретіндеріңді білдірдіңдер.
Жылулық
шеңбері: Енді, балалар, осы
отбасы мүшелеріне әрқайсымыз жақсы тілектерімізді айтайықшы: 1.Тату болайық
2.Бір-бірімізді ренжітпейік. 3.Бақытты болайық. 4.Ата-анамыз қасымызда болсын. 5.Отбасымызда
бірлік болсын.
Балалар, айтыңдаршы отбасыларына сыйлық жасағыларын келеді ме?(Иә) Онда
бәріміз отбасы суретін салайық (Балалар сурет салады)
Күтілетін
нәтиже:
Білу
керек: Ата,әже,әке,ана-отбасы
тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге
тиіс: Ата,әже,әке,ана,ұл,қыз-бәрін
отбасы дейміз.
Істей
білу керек: Біздің
кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді