«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

шығармашылық қызмет

03.04.2019

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 38 «Сәуле» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

1.2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамыр № 499 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі типтік ережелерге және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген басқа да құқықтық актілер негізінде және осы Жарғыға сәйкес негізінде құрылған және өз қызметін жүзеге асырады.

1.3. Кәсіпорынның құрылтайшысы (ары қарай - жергілікті атқарушы орган) Көкшетау қаласының әкімдігі болып табылады.

1.4. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы (бұдан әрі – уәкілетті органы) «Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.5. Кәсіпорынның толық атауы:

мемлекеттік тілде Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №38 «Сәуле» бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

қысқаша атауы: Көкшетау қаласының әкімдігінің жанындағы №38 «Сәуле» бөбекжай бақшасы» МКҚК;

орыс тілінде: Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад №38 «Сауле» при акимате города Кокшетау;

қысқаша атауы: : ГККП «Ясли-сад №38 «Сауле» при акимате

г. Кокшетау.

1.6. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «Жайлау» мөлтек ауданы, 67 үй.

 

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

2.1.Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2.Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі бар.

2.3. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

3.1.Кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

3.2.Кәсіпорынның мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес баланың жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке тұлға қалыптастыру және дамыту болып табылады.

3.3. Балабақшадағы білім беру жүйесінің басым бағыты:

ӨТШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) инновациялық технологиясын енгізу арқылы мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық салада шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.4. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу, медициналық қызметті жүзеге асыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (дәрігерге дейінгі) ұйымдастыру;

2) тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, мәдени-рухани құндылықтарын дамыту.

3) балалардың сөйлеу тілі кемшіліктерін білікті түзетуден тұратын түзету-дамыту.

4) тәрбиеленуші меңгере алатындай мектепке дейінгі білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізуге жағдай туғызу;

5) мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;

6) мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білім құмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;

7) балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;

8) тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен бала тәрбиесі мен оқыту және даму мен денсаулық сақтау жөнінде әдістемелік көмек көрсету;

9) білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту.

 

4. Кәсіпорын ұйымына балаларды қабылдау тәртібі

 

4.1.Білім беру ұйымына балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4.2.Білім беру ұйымы ата-аналар және басқа заңды өкілдер арасында қарым-қатынастар келісім-шартпен анықталады.

4.3. Білім беру ұйымына баланы қабылдау онда бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

4.4.Жоспар бойынша топтастырылғанда білім ұйымында келесі жасаралық топтар бар:

1-топ  2 жастан 3 жасқа дейінгі (I-кіші тобы) – 20 баладан артық емес;

2-топ  3 жастан 4 жасқа дейінгі (II-кіші тобы) – 25 баладан артық емес;

3-топ  3 жастан 4 жасқа дейінгі (II-кіші тобы) – 25 баладан артық емес;

4-топ  4 жастан 5 жасқа дейінгі (ортаңғы топ) – 25 баладан артық емес;

5-топ  5 жастан 6 жасқа дейінгі (ересек тобы) -  25 баладан артық емес.

4.5. Білім беру ұйымы мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуды мемлекеттік тілде  жүргізеді.

4.6.Балаларды шығару тәртібі мектепке дейінгі ұйым меңгерушісімен келесі жағдайларда жүргізіледі.

1) баланың бала бақшадағы күтімі үшін төлемақыны уақытында төлемеген жағдайда (белгіленген күннен 15 күнтізбелік күн асса);

2) баланың бала бақшаға себепсіз және әкімшілікті ескертусіз бір айдан артық босатқан жағдайында;

3) мектепке дейінгі мекемеде болуына тосқауыл болатын баланың денсаулығы туралы медициналық қорытынды болғанда.

 

5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі

 

5.1.Білім беру үрдісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және белгіленеді.

5.2. Оқу-тәрбие үрдісі балалар үшін арнайы болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі кіші топтармен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейді.

5.3. Оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды әдіскер, орыс,  ағылшын тілі мұғалімі, тәрбиеші, педагог-психолог, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы  және медициналық мейірбике жүргізеді.

5.4. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

5.5. Білім беру ұйымының қызметкерлері оқыту-тәрбиелеу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

5.6. Сабақ тәртібі: «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқыту обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бойынша анықталады.

5.7. Негізгі білім беру қызметі күннің бірінші жартысында орындалады.

5.8. Кәсіпорында кепілдік нормаларға сай тамақ өнімдерімен тамақтандыру қамтамасыз етіледі. Балалардың күн тәртібін есепке ала отырып тамақтануы жас ерекшеліктеріне қарай, тамақтың жиілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес анықталады.

 

6. Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері

 

6.1.Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары:

1) баланың жеке икемі мен ерекшелігіне байланысты білім беру ұйымын таңдап алуға;

2) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

3) баланың оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін психо-медико-педагогикалық кеңес алуға.

6.2.Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдерінің міндеттері:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, рухани тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) балалардың мектепке дейінгі ұйымға күнделікті қатысуын қамтамасыз етуге;

3) Кәсіпорынның ішкі тәртібін сақтауға;

4) Кәсіпорын ішінде және ауласында тазалықты сақтауға, балалардың денсаулықтарына зиян келтірмеу мақсатында күз, көктем мезгілінде аяқ киім сыртына бахилы киюге (немесе басқа да алмастырушы құралдар).

 

7. Ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі

 

7.1. Ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес Кәсіпорынның оқу бағдарламасына қосымша білім беру және сауықтыру қызметтері мемлекеттік басқару органдырының келісімі негізінде енгізіледі.

7.2. 2013 жылғы 17 мамыр № 499 «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесі қызметінің Типтік ережесіне сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі белгіленген білім беру және сауықтыру бағытында қосымша ақылы қызмет көрсетеді. Қосымша ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржы қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге, қажетті құралдар сатып алуға, тиісті дамыту ортасын құру үшін жұмсауға көзделеді.

7.3. Ақылы білім беру және сауықтыру қызметтері негізгі білім беру үдерісіне қосымша ретінде беріледі. Меңгеруші белгілейтін ақылы қызметтердің тізіміне сонымен қатар үйірме жұмыстары ұйымдастырылуы мүмкін: ағылшын, қазақ тілін оқыту, хореография, бейнелеу өнері, спорттық секциялар.

 

8. Кәсіпорынды басқару

 

8.1. Жергілікті атқару органы:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның басым бағыт әрекетін белгілейді;

3) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе атқарушы органға өкілеттік береді;

4) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

8.2. Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорынмен мынандай өкілеттері бар:

1) Кәсіпорынның мүлкін сақтауға және қолдануға басшылық етуге;

2) Кәсіпорынның даму жоспарын келіседі, бекітеді және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды;

3) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

5) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша басшыны тағайындайды және оны аттестациядан өткізеді.

8.3. Кәсіпорын басшысы мемлекеттік басқару органына қарасты заңды тұлға болып табылады.

8.4. Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.

8.5. Қазыналық Кәсіпорын басшысын тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіп бойынша Кәсіпорынды басқару органымен жүзеге асырылады.

8.6. Кәсіпорынның басшысы меншік иесі (жергілікті атқару органы) және мемлекеттік басқару органының алдында Кәсіпорындағы істердің жағдайына жеке жауапкершілікте болады.

8.7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес, Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

8.8. Кәсіпорын басшысы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2)Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) Келісім-шарттар және өзге де мәмілелер жасайды;

4) Сенімхаттар береді;

5) Банктік есеп-шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбекшарттарын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларға көтермелеу шараларын қолданады және жазаға тартады;

8) Белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) Кәсіпорынның қызметкерлеріне лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

10) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

9. Кәсіпорын мүлкі

 

9.1. Кәсіпорынның мүлкін, оның құны теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

9.2. Кәсіпорынның мүлкі жедел басқару құқығы ретінде оған тиесілі.

9.3. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

9.4. Кәсіпорынның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктен (ақшалай табыстарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

9.5. Негізгі қаражатқа жататын жедел басқару құқығымен бекітілген, сондай-ақ жедел басқару құқығындағы тиесілі  мүлікті Кәсіпорын сатуға және сыйға беруге мәмле жасау құқығы жоқ. Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.

9.6. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.

9.7. Мемлекеттік басқарманың жазбаша келісім хаты болмаса, Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу, сату, айырбастау, сыйға тарту, шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

9.8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

9.9. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке және Қазақстан Республикасының көзделген қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің шаруашылық қызметі негізінде алынған мүлікке тек жергілікті атқару органы жазба келісімімен дербес билік етеді.

9.10. Кәсіпорын жедел басқару құқығымен бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

9.11. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға оны өзге тұлға бергенге дейін ұстауын және сақтауын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

 

10. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

10.1. Кәсіпорын қызметі жергілікті атқару органы бекіткен жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Шаруашылық қызметі оның жарғыда көрсетілген мақсаттары мен міндеттерімен, сондай-ақ кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстарымен анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

10.2. Кәсіпорынның даму жоспарын бекіту және жасалу тәртібі жергілікті атқарушы органмен анықталады.

10.3. Ақылы білім беру және сауықтыру қызметтері негізгі білім беру үдерісіне қосымша ретінде беріледі. Меңгеруші белгілейтін ақылы қызметтердің тізіміне сонымен қатар үйірмелік жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін: ағылшын тілін оқыту, хореография, бейнелеу өнері.

 

11. Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі

 

11.1. Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі ішкі жұмыс тәртібінің Ережелерімен ұжымдық шартпен белгіленеді, сағат 8-00 ден 18-30 дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі, мерекелік күндер.

 

 

 

12. Еңбек ұжымының мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері

 

12.1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

12.2. Педагогикалық білімі бар, қажет бойынша басшы белгілеген арнайы сынақ мерзімінен және медициналық комиссиядан өткен кез келген Қазақстан Республикасының азаматы балабақшаның педагогы бола алады.

12.3. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтары:

1) лауазымына байланысты балабақшаның қызметіне қатысуға;

2) басқаруға қатысуға, яғни балабақшаның Кеңесіне және қоғамдық органдарға сайлануға;

3) еңбек келісіміне және біліктілік санатына сәйкес белгіленген еңбекақы алуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына байланысты еңбекті қорғауға;

5) сенбі, жексенбі күндері демалуға және қызметкерлерінің категориясына және бекітілген демалыс мерзіміне сәйкес жыл сайын берілетін ақылы демалысқа шығуға;

6) қолданыстағы заңнамаға, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болуға.

12.4. Білім беру ұйымы қызметкерлері міндетті:

1) осы Жарғының талаптарын сақтауға;

2) өз лауазымдық міндеттерін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындауға;

3) балаларды күтуде медициналық-педагогикалық ұйғарымдарын басшылыққа алуға;

4) еңбек ұжымының жалпы жиналысы шешімдерін орындауға;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға, еңбек ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.

12.5. Баланың денесіне немесе моральдық-психологиялық залал келтірген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырған тәртіппен жеке жауапкершілікті көтереді.

 

 

13.Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

13.1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын жергілікті атқарушы орган белгілейді.

13.2. Штаттық кестесi, еңбекақы төлеу үлгісі, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына сәйкес, лауазымдық айлықақылар мөлшерiне байланысты анықталады.

 

14. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату,

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

14.1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

14.2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

14.3. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

14.4. Кәсіпорын Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізу, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст