«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл!!!

10.01.2019

Әуен

ойналып қоян шыршаны безендіріп жүреді.

Сол сәтте «Ну

погоди»

әуенімен қасқыр ніреді.

Қоян:

Ой қасқыр келіп қалды:- деп

қаша жөнеледі артынан қасқыр қуа жөнеледі, екеуі шығып кетеді. Жүргізуші мен

балалар әуенмен залға кіреді. Балаларды отырғызып шыршамен таныстырып, қыс

ерекшеліктерімен таныстырады.

Тәрбиеші: Келді міне жаңа жыл. Құлпырады табиғат, нұры тасып.

                 

Жаңа жылды ағаын қарсы алайық,

                 

Шашу шашып, би билеп, ән салайық.

Құрметті ата-аналар, әріптестер, бұлдіршіндер. Келе

жатқан жаңа жыл барлағыңызға құтты болсын! Отбасымызға амандық-саулық әкелсін.

Қоян: Ооо, мына жерге қонақтар келіп калыпты ғойал мен болсам

қасқырдан қашам деп қонақтарды қарсы алудыұмытыпкетіппін-ау. Құрметті қонақтар

мерекеге қош келдіңіздер! Сіздердің жан ұяларыңызға Бақыт, Қуаныш, Табыс,

тілеймін. Балалар мына жайнаған жарқыраған мерекеге қош келдіңдер! Қане балалар

отырмайық ойнайық. Балалар ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Қыс мезгілінде не

жауады? Дұрыс қар жауада, біз қазір қар жинау оынын ойнаймыз.

Ойын: «Қар жинау»

Осы

сәтте әуенмен қасқыр кіріп

келеді. Шошып кеткен қоян шыршаның артына жұгіріп барып арыстанның маскасын

киіп алады. Қорыққан қасқыр алды-артына қарамастан қашып кетеді.

Тәрбиеші: Қоян сен шыршаны әдемі безендіргенсің, бірақ шамдары

жанбаған.

Қоян: Иә мен қасқырдан қашам деп шамдарын жағуға ұмытып

кетіппін. Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме? Шырша шамын жағуға.

Балалар: Иә

Қоян шығып кетіп тез-тез аяз-атаның киімін киіп келеді. –

Балалар қане ки шырша шамын жағайық 1,2,3 шырша шамы жана түс (1,2 рет

қайталайды) Осы сәтте қасқыр ақшақардың киімін киіп келді де, қоянды ұстап алып

шыршаға байлап қойып, жейіндеп жатқанда әуен мен аю кіріп келеді.

Аю: Қасқыр сен мында не істегелі жатсың? Аюдың даусынан

қорыққан қасқыр шығып кетеді. Аю қоянды шешіп алады.

Қоян: Аю рахмет саған 

мені қасқырдың аузынан құтқарып қалдың.

Тәрбиеші: Иә аю рахмет саған қоянды құтқарғаныңа.

Аю: Мен машамды іздеп жұрмін үйді шашып кетіпті. Жаңа жыл

болса жақындап қалды. Сендер оны нөрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Аю сен ренжіме Маша қазір табылып қалар. Сен оданда

бізбен мерекені қарсы ал.

Аю: рахмет

Тәрбиеші: Балалар, Қоян біздің мерекеге кімдер  жетіспейді?

Қоян: Иә балалар біздің мерекеге аяз-ата мен ақшақар

жетіспейді. Олай болса бәріміз бірге аяз-ата мен ақшақарды шақырайық. (барлығы

хормен шақырады) Әуенмен аяз-ата мен ақшақар кіреді.

Аяз-ата:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа

бағыт,

               

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

               

Жақсылынтың белгісі, жаңа уақыт,

               

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Ақшақар: Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

                 Он

екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

                

Ғасырдың он тоғызыншы жылы келді,

                

Құстай ұшып құрау шалған қанаттары!

                

Құтты болсын жаңа жыл, барша қауым!

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер аяз-ата, ақшақар. Алыс жол жұріп

шаршаған шығарсыздар отырыңыздар. Біздің балалардың сіздерге арнаған ән,

тақпақтары мен, билері бар.

Аяз-ата: Жарайды. Ең алды мен шырша шамдарын жағып алайық. 1,2,3

шырша шамы жана түс (1,2 рет қайталайды). Ал балалар қане ки шыршамызға арнап

ән айтайық.

Ән. «Кішкентай шырша»

Аяз-ата: Балалар қараңдаршы менде не барын. Менде сандық бар

қанеки ашып көрейікші ішінде не бар екенін?(Сиқырлы әуенмен сандық ашылады)

сандық ішінен доңыз шығады(яғни жаңа жыл)

Тәрбиеші: Ей жаңа жын, жаңа жыл.

                 

Жаңа бақыт ырысым.

                 

Жақсылықтың жаршысыда, нұрысың.

                 

Жаңа доңыз жылы бізге қош келдің.

Доңыз сәлеметсің бе? Біздің мерекеге қош келдің. Отыра

ғой саған арнаған құттықтаулар бар қабыл ал.!

Доңыз: Рахмет (деп өз тілегін айтады)

Аяз-ата: Аталарың сендерге шаршап келді алыстан.

             

Отырайын дем алып. Маған тақпақ арнаңдар

Тақпақтар: (балалар бір бірден аяз-атаның қасына келіп тақпақ

айтады)

Аяз-ата:(аяз-ата тақпақ айтқан балаға кәмпиттерін беріп отырады)

Тәрбиеші: Аяз-ата балардың сізге арнаған билері бар тамашалайық.

Би: «Гномики»

Биден соң қалған балар тақпақ айтады.

Аяз-ата: Балалар мен жолда шанамды жоғалтып алдым(ата көңілсіз

отырады) ішінде сыйлықтарым бар еді.

Осы сәтте Машаның әуенімен Маша шананы сұйреп кіркеді

Маша: Аю, Аю қарашы мен не таптым. Мен аяз-атаның шанасын

тауып алдым, іші тола сыйлық.

Аю: Маша бұл сыйлық сенікі емес. Бұны аяз-ата жоғалтып

алыпты, бұл балардың сыйлығы бере ғой аяз-атаға.

Маша: Жоқ бермеймін(деп шананы құшақтап алады)

Аяз-ата: Маша сен маған көмектесе ғой балардың сыйлықтарын

таратуға.

Маша: Жоқ сосын маған жетпей қалады сыйлық.

Тәрбиеші: Маша сен ендеше біздің қыздар мен бірге ақшақарға арнап

би билеп бер, сонда сенде сыйлыққа ие боласың.

Маша: Рас айтасыз ба?

Тәрбиеші: Әрине рас айтам.

Маша: Қыздар жұріңдер ендеше ақшақарға арнап шырша биін билеп

берейік.

Би:

«Шырша» биі

Тәрбиеші: Балалар біздің қонақтарға арнап жаңа жыл туралы ән айтып

береік

Ән: «Аппақ, аппақ қар» әні

Аяз-ата мен Маша балаларға сыйлықтарын таратады

Аяз-ата: Ал балалар біз енді басқа бала бақшаға барып

бұлдіршіндерді құттықтайық.

Маша: Менде барам, менде

Аяз-ата: Әрине Маша жұре ғой

Маша: Аю ше Аю да барсын- деп аюды сұйрейді.

Барлық нейіпкерлер: Қош сау болыңдар балалар!!! Деп шығып

кетеді.

 

 

 

 

 

            

 

                 

 

 

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст