2022 жылдың ақпан айында «Сәуле» бөбекжай мен сабақтастық аясында КММ №21 мектеп-лицейінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі Мендыгүл Серикбаевна Жаманова, 1-сынып мұғалімдері Бахыт Каиржановна Токова, Карлыгаш Думановна Айткенова, Айгерим Беимбетовна Башарова «Балдаурен» мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері бөбекжайда қолданылатын жұмыс формалары мен әдістерін, тәрбиешілердің жұмыс істейтін бағдарламаның негізгі талаптарымен білуге және болашақ бірінші сынып оқушыларымен танысып кетті. Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Карбаева Рабига Каирбековна мен орыс тілі мұғалімі Мусина Шолпан Кайдаровна мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес күнделікті жоспарланған ұйымдастыру оқу қызметін көрсетті. Дөңгелек үстелде талдау барысында КММ №21 мектеп-лицейінің педаготері сабақатар жоғары деңгейде өтілгені туралы айтып кетті: меткепаллы даярлық бүлдіршіндері белсенділік пен қызығушылықтары жақсы болуы, сабақты ойын түрінде өткізуі, ауызша жұмысты практикалық тапсырмалармен ұштастыра отыруы, бүлдіршіндердің зейінін бір қалыпта ұстауы. «Сәуле» бөбекжай меңгерушісі Гульмира Сайлаубековна Сексенова баланы мектепке дайындау – оның оқу-танымдық уәждерін белсенді қалыптастыруды және оның өмірдің жаңа кезеңіне жеңіл бейімделуін қамтамасыз етуші қызметтің өзіндік құрамдастары мен психикалық үдерістерді дамытуды білдіретіні туралы айтып кетті.