Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное    коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымнан шығару және 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат

02.04.2026

❗❗❗

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

📢 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар!

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

🗓 Қабылдау кестесі (өңірлер бойынша)

Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі:

🔹 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы

🔹 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы

🔹 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы

🔹 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы

❗ Маңызды: Ақмола облысы (соның ішінде Көкшетау қ.) бойынша қабылдау 2026 жылғы 10 маусым - 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

💻 Өтініш беру тәсілі

Өтініш «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz

Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;

✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;

✅ № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты

(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);

✅ № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;

✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).

⚠️ Маңызды:

1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері:

– сынып-жиынтықтардың толып кетуі;

– ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің дұрыс еместігі.

📞 Қосымша ақпарат алу үшін

Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарына немесе білім бөліміне хабарласыңыз:

☎️ 50-17-87

☎️ 50-19-70

Құрметті ата-аналар, балаңызды мектепке уақытылы тіркеп үлгеріңіздер!

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст