13.03.2026
Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыру және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында әдістемелік тренингтер мен кейстік жұмыстар өткізілді.
Тренинг барысында педагогтерге «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тақырыбы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде педагогтің кәсіби құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар түрлі педагогикалық жағдаяттарды талқылап, құқықтық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар «Педагог – заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыратын тәлімгер» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында педагогтердің балаларға үлгі болу, құқықтық тәрбие беру, тәртіп мәдениетін қалыптастырудағы рөлі туралы айтылды. Қатысушыларға практикалық кейстер ұсынылып, мектепке дейінгі ұйымдағы нақты жағдайлар негізінде талдау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар нәтижесінде педагогтер заң талаптарын сақтау, кәсіби этиканы ұстану және тәрбиеленушілерге құқықтық тәрбие беру бағытында өз тәжірибелерін жетілдірді. Тренингтер педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мектепке дейінгі ұйымдарда заң мен тәртіп қағидаларын нығайтуға ықпал етті.