Тұмау ауруы таралатын маусымда денсаулықты сақтау мақсатында бөбекжай медбикесі К.К.Казбекова қызметкерлерімен әңгіме жүргізіп, профилактикалық шаралардың маңыздылығын еске салды.
Ол аурудың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажеттігін атап өтті:
балалар мен ересектердің иммунитетін дұрыс тамақтану, витаминдер және таза ауа арқылы күшейту;
бөлмелерді жүйелі түрде желдетіп, ылғалдандыру;
жеке бас гигиенасын сақтау: қолды сабынмен жуу, жеке сүлгілерді пайдалану;
дезинфекциялайтын құралдармен ылғалды тазалау жүргізу;
тұмауға қарсы екпені дер кезінде балалар мен қызметкерлерге салдыру;
алғашқы ауру белгілері байқалғанда дәрігерге қаралу және науқастарды ұжымға кіргізбеу.
Медбике тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана инфекцияның таралу қаупін төмендетіп, тәрбиеленушілер мен ұжымның денсаулығын сақтауға болатынын атап өтті.