2025 жылдың қыркүйік айында біздің бөбекжайымызда «Тіл бірлігі – халық бірлігі» атты тілдер апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты – балаларға Қазақстан халқының тілдік байлығын таныстыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу және өзге ұлт өкілдеріне толерантты қарым-қатынас қалыптастыру болды.
Апталық барысында әр күнге арнайы тақырыптар белгіленді:
1-күн: Мемлекеттік тіл – менің тілім
Балаларға қазақ тіліндегі тақпақтар, жұмбақтар айтылып, ұлттық ойындар ойнатылды.
2-күн: Ана тілі – асыл мұра
Балалардың ата-аналарымен бірге өз ана тілінде ән айтып, тақпақ жатқа айтуы ұйымдастырылды.
3-күн: Достық және көптілділік
Топтар арасында «Достық – біздің байлығымыз» атты флешмоб және түрлі халықтардың ұлттық билері ұсынылды.
4-күн: Кітап – тіл қазынасы
Тіл туралы көрме, суреттер байқауы өтті. Балалар тіл туралы мақал-мәтелдермен танысты.
5-күн: Қорытынды мерекелік шара
«Тілдер достастығы» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әндер орындап, қойылымдар көрсетті. Белсенді қатысқан балалар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар түрлі ұлт тілдерін құрметтеуді, өз тілін мақтан тұтуды үйренді. Ата-аналар мен педагогтардың белсенді қатысуы апталықтың тиімді өтуіне ықпал етті. Іс-шара жабылуына байланысты, белсене қатысқан балалар мақтау қағазымен марапатталды.