Текст
№1 "Балапан" кіші тобының балалары да "Ғарышқа ұшамын" атты спорттық жарысына қатысты. Бұл жарыс дене шынықтыру нұсқаушысы Қ.Е.Қайыржанның ұйымдастыруымен өтті. Балалар пирамида ойыншығын құрастырды, шеңбермен жүгірді, шарларды жинады. Балалар барлық тапсырмалардан сүрінбей өтті. Іс-шараның соңында барлығы екі ұшаққа отырып, ғарышқа ұшты.