Текст
Дене шынықтыру нұсқаушысы Қ.Е.Қайыржан № 5 "Балдаурен" мектепалды тобының балаларына ғарышқа ұшуға ұсыныс жасады. Балалар, әрине, келісті. Бірақ, ғарышқа тек қана шапшан, жүйрік балалар ұшады. Сондықтан, Құрман Есләмбекұлы, "Ғарыш қырандары" атты спорт жарысын ұйымдастырды. Балалар әр түрлі тапсырмаларды орындады: қолдарына үлкен қолғап киіп, шарларды жинау, аяққа шаңғы киіп жүгіру, жалауларды жинау. Балалар барлық қиындықтарды женіп, соңында бірге ұшақпен ғарышқа ұшты.