«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Сәуле» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Сауле» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаз айына арналған сәбилер тобының серуен қимасы

14.07.2017

№1      Жаздың белгісін байқау

Мақсаты: 

балаларды жаздың белгілерін анықтауға үйрету (жасылды – көк шөп, жасыл

ағаш, гүлдердің гүлденуі, ұзақ күн т.б.).

Көркем сөз:

Ауыл қонды жайлауға,

Дала жатыр жадырап.

Қой қаптады қойнауда,

Қозы, лақтар жамырап.

Қимылды ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: денесін тепе-тең ұстап, бір

аяқпен бірнеше рет секіруге үйрету. Ойын тәртібін бұзбау.

Еңбек:үйшік манайындағы қағаздарды

жинау.

Мақсаты: балаларды еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: доппен жаттығу жүргізу:

допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу (осындай жаттығуларда кемінде 10 рет

жасау).

Жорамал:

1.     Торғайлар топ-тобымен

ұшып жүрсе – ауа райы құрғақ, күн жылы болады.

2.     Ыстық жел тұрса – жаңбыр

жауады.

3.     Түн жарық болып, шық

түспесе – ертеңгі күні жаңбыр жауады

   

№ 2 Аққайың ағашын бақылау

Мақсаты: балаларға аққайың

ағашының сұлулығын, оның жапырақтарының да табиғат жан жағын әдейі оюлап

қойғандай әсемдігін, сондай ақ ағаштың өзі тіп-тік, аппақ болып келетіндігін

көркемдеп айтып беру.

Ақ қайыңды ақындар ән – жырға қосса, қылқалам

шеберлері көркем екенін сүйсіндіретіндей суреттер салады.

Көркем сөз:

Баубақшада көкпеңбек,

Күн нұрымен байып тұр.

Жасшыбықтар көкке өрлеп,

Жапырағын жайып тұр.

Қимылды

ойын: «Денеңді шынықтыр, мықты бол!»

Мақсаты: секіргенде денеңді тік ұстай

біл,  жаттығулар жасау.

Еңбек: ағаштын жанындағы

қоқыстарды жинау.

Мақсаты: балаларды еңбекке баулу.

   

№ 3 Ағаштарды бақылау.

Мақсаты: жапырақтар бойынша

ағаштарды танып білу. Балабақшаның ауласында өсіп тұрған ағаш, бұталарды көріп,

олардың қандай ағаш, бұта екендіктерін айту (үйеңкі ме, терек пе, қайың ба,

қараағаш па, қарағай ма).

Жапырағы бар ағаштар – жапырақты ағаштар деп

аталады. Шырша ағашын – тікенекті ағаш деп атайды.

     Көркем сөз:

Көк орманда ну ағаш,

Өскен жақсы аралас.

Ең әдемі меніңше,

Құс ұясы бар ағаш.

Қимылды

ойын: «Мысық пен торғай».

Мақсаты: Балаларды шапшандылыққа

үйрету, дене бітімін жетілдіру

Еңбек: манайдағы үлкен тастарды

жинау.

Мақсаты: Балаларды табиғатқа

қамқоршы болып өсіру.

Қимылды

жаттығулар: Жануарлардың қимылын жасау.

   

                                 № 4 Бақбақ және жолжелкен өсімдіктерін бақылау.

Мақсаты: балаларға бақбақтың және

жолжелкен өсімдіктерін тануды, анықтауды үйрету. Балаларға бұл өсімдіктердің

әдемі болуымен бірге емдік қасиеттері де бар екенін айту.Гүлденген бақбақты

алып қарасақ оның басы мамық болады, сол басында оның тұқымы орналасқан. Оның

гүл жапырақшаларының түсі, жарқырап тұрған күндей, сап-сары болады.

    Жолжелке өсімдігі жолдын шетінде

өседі.

Көркем сөз:

Болмаса да ең көркем,

Шипалы шөп жолжелкен.

Соққан желмен қалтырап,

Тұрады сансыз жапырақ.

Қимылды

ойын: «»

Мақсаты: балаларды шапшандылыққа

тәрбиелеу.

    

                           № 5 Ағаштар мен бұталарды бақылау

Мақсаты: балаларды қоршаған

ортаме таныстыруды одан әрі жалғастыру. Балабақша ауласында өсіп тұрған ағаштар

мен  бұталар туралы балалардың білімдерін

арттыру. Ағаштар мен бұталардағы жапырақтардың, бүршіктердің түрі қандай, олардың

қалай орналасқандары туралы түсінік беру

Тапсырма: «Таңғажайып ағашты

безендіреміз» тақырыбына сурет салу.

     Жұмбақ шешу:Қыста киімін тастайды,

                             Көктемде киіне

бастайды.

                                                                          

(ағаш)

Қимылды

ойын:

«Допты түсіріп алма!»

Мақсаты: қимылды бір бағытта

жүргізіп, ептілікке үйрету.

Еңбек: үйшіктін қасындағы

қағаздарды жинау.

Мақсаты: балаларды  еңбекке баулу.

 

     №6 Жамбырды бақылау

Мақсаты: ауа райының жағдайына қарап, жақындап

қалған жамбырды білуге үйрету.

Көркем сөз:

Желкілдеген желеуі,

Жайнап орман көлдері,

Жадыратар жаныңды,

Жаз маусымы дер оны.

Қимылды ойын: «Үкі, жапалақ»

Мақсаты: белгі берілісімен алға ұмтылып жүгіру

жылдамдықпен жүгіре білу.

Еңбек: балалар өздерінен кіші балдырғандарға

ойыншықтарын жинауға көмектесіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Қимылды жаттығулар: басктбол ойынындағы қимыл-іс

әрекеттер жасайды: доты екі қолмен ұстап, кеудені жоғары деңгейден серпіп,

ойнап жүрген серіктестеріне лақтырады, өзіне бағытталған допты қағып ала білу.

Жорамалдар:

1.     Жаз жаңбырлы болса, қыста

қар мол болады, әрі аязды болады.

 

2.     Найзағай алдында бақбақ

гүлі өз жапырақшаларын жабады.

                        № 7 Найзағайдан кейін өсімдіктерді бақылау

Мақсаты: жаңбырдан кейін табиғат одан сайын

құлпырып, сұлулна түседі. Осындай ғажап көрініске баллардың назарын аудару.

Жаңбырдың мөлдір таза тамшылырына молынан шомылған

өсімдіктер дүниесі күннің алтын нұрымен шағылысып, жалт-жұлт етеді.

Ағаштар мен бұта жапырақтарынан

моншақтай-моншақтай болып төгілген тамшылар, жер – ана қойнауына тырс-тырс етіп

сіңіп жатыр.

Көркем сөз:

Ақ жауын, ақ жауын,

Ел жұртыма бақ жауын.

Егістікті суардың –

Сап, сап жауын, сап жауын.

Қимылды ойын «Екі жаққа ауысып жүгіру»

Мақсаты: бір-біріне соқтығысып қалмай жылдам

жүгіре білу.

Еңбек: 

балалармен бірге гүлзарларды көру.

Мақсаты: табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: допты қабырғаға лақтырып, ол жерге

түскен соң, қағып алу.

№ 8 Табиғат күнтізбесі бойынша бақылау.

Мақсаты: өткен күндердегідей ауа райына, қоршаған

ортаға бақылау жүргізу. Балалардың назарын жәндіктерге аударып, табиғатқа,

хайуанаттарға қамқорлықпен қарауға, оларға нұқсан, зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Суретте бейнеленген «жансыз» көріністі табиғаттағы

«жанды» көріністерімен салыстыру. Суреттің дәл, анық шығуы үшін тәрбиеші

балаларға ақыл-кеңес, көмек береді. Балабақшада балалар күнтізбеге ауа райын

белгілеп, көрген жәдіктерін еске түсіріп, суретке салу. Салған  суреттерін табиғат бұрышына іліп қою.

Көркем сөз:

Келді жазым,

Нұрын шашып айнала.

Жайнап кеткен,

Өзен бойы сай дала.

Қимылды ойын: «Аюды орман алқабында»

Мақсаты: тура бағытта тез жүгіруге жаттықтыру, бір

қалыпты қимыл жаттығуларына үйрету.

Еңбек: ағаштардың түбіндегі топырақты қопсытып,

ауладағы табиғат бұрышын тазалап, тәртіпке келтіру.

Мақсаты: топырақты қалай қопсыту жөніндегі мәлімет

беру, оның маңызын түсіндіру, ауланы тәртіпке келтіруге үйрету.

Қимылды жаттығулар екі ақпен бірдей бір орында

секіре білуге, тұрған жеріңде секіруге жаттықтыру.

 

 

№ 9    Саябаққа мақсатты серуен

Мақсаты:

саябақта түрлі өсімдіктер өсетіндігі туралы балалардың  түсінік білімдерін арттыру. Сол ағаштарды

бұталарды, жасыл шөптерді бір-бірінен айыра білуге, құстарды дауысынан тануға

үйрету. Табиғатты аялауға, оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Тапсырма:

«Өсімдіктер хандығы» атты ұжымдық панно жасау.

Көркем сөз.

Жеміс

біткен бау бақта,

Желі жайды

жан-жаққа.

Бақта

құстар сайрайды,

Құйқылжытып

жан жаққа.

Қимылды

ойын; «Соқыр теке»

Мақсаты:

айналаны бағдарлай білу, жинақылыққа, сезгіш болуға үйрету...

Еңбек:

табиғи заттарды жинап, іске асыру.

Мақсаты:

Табиғи материалдардан әр-түрлі ойыншықтар жасауға машықтандыру, табиғи

материалдарды пайдалана білу.

Қимылды

жаттығулар: Биіктен секіру.

     

№ 10 Арамшөптерді бақылау.

Мақсаты: балаларды арамшөтерді айырып, тануға үйрету (калуен,

сарбас, бидайық). Бұл өсімдіктер ең зиянды арамшөптер болып саналады. Олар

мәдени өсімдіктерге көп зиян келтіреді: топырақтың нәрін алады, топырақтағы

ылғалды алады, күн қызуын тартып алады, сөйтіп өсімдіктердің өсуіне кедергі

жасап, өздері қаптап кетеді.Гүлзарларда, өсімдіктер өсіп тұрған алңшалардн

арамшөпті тауып алып, оларды жақсылап көріп алу. Олар мәдени өсімдіктерге

қарағанда тез өсіп, жетіледі.

Еңбек: гүлзарды, мәдени өсімдіктер өсіп тұрған алаңшаны

арамшөптерден тазарту.

Мақсаты: арамшөптерді тамырымен жұлып алуды балаларға көрсетіп

үйрету. Гүлдерді, мәдени өсімдіктерді күтуді үйрету.

Қимылды ойын: Эстафета ойыны. Алдағы тосқауылдардан өтуді

үйрету.

Мақсаты: ептілікке, тез жүгіре білуге үйрену. Алға қойған

міндетті бұлжытпай орындауға дағдыландыру.

Мақал:Жауынмен жер көгерер,

еңбекпен ер көгерер.

 

№11 Құмырсқаны бақылау

Мақсаты: балларды құмырсқаға сақтықпен қарауға

үйрету. Құмырсқаның үйіндісін бұзбай айналып, олардың жолын аттап өтуге үйрету.

Балаларға құмырсқаның еңбексүйгіштігін айтып түсіндіру. Олар ешкімге зиян

әкелмейді, қайта зиянды жәндіктерді құртып, пайда әкеледі.

Көркем сөз:

Бәрі бірдей жұмысқа,

Шығатын кім құмырсқа.

Қимылды ойын: «Белбеу тастау»

Мақсаты: балалрға ұлттық ойындарын үйрету.

Еңбек құм алаңшасын құммен толықтыру.

Мақсаты: баршаның игілігі үшін еңбек етуге

тәрбиелеу, ынтасын арттыру.

Жеке жұмыс: «Еңбекқор құмырсқа» тақырыбына шағын

әңгіме құрастыру.

 

№12 Кемпірқосақты бақылау.

Мақсаты: кемпір қосақтың әдемі түстерін бақылау.

Балларға осы қызық құбылысты түсіндіру. Оны күннің көзі нұрын төгіп, жаңбыр

жауып тұрғанда да көріп байқауға болады. Жаңбырдың тамшылары күннің нұрына

шағылсып, кемпірқосақ пайда болады. Кемпірқосақтың 7 – түсі бар, олар былайша орналасқан:

қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.

Тапсырма: әдемі кемпірқосақтың суретін салу.

Көркем сөз:

Жарқылдаған соң, жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты,

Өрнек туды ғаламат.

Бұл не?                   (кемпірқосақ)

Қимылды ойындар: «Ордағы қасқыр»

Мақсаты: қуғыншыға ұстатпай, оңды-солды жалтарып,

тез жүгіре білу жаттығуларын жүргізу, белгі берісімен жүгіре жөнелу.

Еңбек: гүлзардағы топырақты қопсыту.

Мақсаты: жаңбырдан кейін топырақты қопсыту, қандай

топырақты қопсыту керек екенін балаларға түсіндіру.

 

                                   № 13 Бұлттарды бақылау.

Мақсаты: балаларға жер бетіндегі  су айналымы туралы түсінік беру. Одан

қортынды жасауға үйрету. Бұлттарды көрсетіп, балалардың назарын соған аудару.

Бұлттарды көріп, олардың көбі малға, аңдарға,түрлі заттарға ұқсас

келетіндігін атап айту.

Сұрақтар:Жаңбырдан кейін шалшықтар

пайда болады, кейін олар қайда кетеді?

Су қайда кетеді? Бұлттар қалай пайда болады?Егерде балалар дұрыс жауап таба

алмай қиналса,оларға түсінік беру.Ауада әркашан дымқыл (сулы) бу бар.

Жердегі,өзендердегі,көлдердегі, теңіздердегі сулар бу болып аспанға  көтеріледі,біз оны көрмейміз.Аспанға

көтерілген будан бұлттар пайда болады.Бұлттар кішкентай-кішкентай су

тамшыларынан тұрады. Егерде бұлт суып, тоңази бастаса тамшылар жиналып, үлкен

тамшыларға айналады,салмағы аурлай бастайды,сайып келгенде олар жаңбыр

тамшылары болып жерге түседі.

Көркем сөз:

                     Күн күркіреп:

«Гур,гур,гур! »

                     Дір қақты гүл:

«Дір,дір,дір! »

                     Жаңбыр құйып басылды,

                      Ашылыды аспан:

«Нұр,нұр,нұр!»

Қимылды

ойын:

«Айлакер түлкі»

мақсаты: белгі берісімен тез

қимылдап, тапсырманы орындау: тез жүгіріп, бар жылдамдықпен тура жүгіру.

Еңбек: аланшадағы қоқысты

жинастыру

№ 14 Гүлдерді бақылау

Мақсаты: Гүл еегілген гүл дәнінен алғашқыда жапырақ, содан кейін

кішкентайөскін, кейін үлкен гүл өсімдігі өскені туралы балаларға түсіндіру.

«Сөзбен суреттелген гүлдердің аттарын табыңдар,

балалар» деген жаттығу – ойынын өткізу.

Тапсырма: түрлі-түсті қағаздардан гүл желектерін

қыиу.

Көркем сөз:

Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,

Қызыл, жасыл көп гүлдер.

Тұра берші жайқалып,

Тұра берші нұрланып.

Еңбек: балалармен бірге гүлді

суару

Мақсаты: балаларды еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: допты жоғары лақтырып, оны екі

қолмен қағып алу.

Жорамал:

Күн күркірер алдында, гүлдердің иісі одан сайын

аңқып тұрады

 

№15 Құстарды бақылау.

Мақсаты: Күн ыстық болғанда

балалар құстарды бақылап, олардың тіршілігіне назар аударту (құстар көлеңке

іздеп тығылады, тұмсықтарын әлсін -әлсін аша береді, су ішеді, сулап жүзіп,

шомылады)

Құстардың түр-тұрпатынан,даусынан қайсысы жыл

құстары,қайсысы қыс кезіңде ұшып кетпей қалып қоятынын балаларға айтып

түсіндіру.Қанатты достарымыз туралы әнгіме жүргізу.

Көркем сөз:

                       Көлге келіп қонады,

                       қөлдің көркі болады.

                        Аңшы бірақ атпайды,

                        Аққудың бар обалы.

Сұрақтар:

Көрген құстардың арасында қайсысы жыл құстары(басқа

жаққа ұшатындар)қайсысы осында қалады?

Қимылды

ойын:

«Құстар ұшып барады»

Мақсаты: өрмелеп жоғары шығуға,

тез жүгіріп өтуге, айналаны бағдарлауға жаттықтыру.

Еңбек: гүлзардағы гүлдерге су

құю.

Қимылды

жаттығулар: баскетбол ойынындағы жаттығуларды жасау. Допты жоғары лақтырып, қағып

алу.

 

Просмотров: 613


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст