Текст
№ 3 «Балдырған» ортаңғы топ тәрбиешілері балалармен «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыбына байланысты жұмбақтар сайысын өткізді. Балаларды екі топқа бөлді. Бірінші «Балдырған», екінші «Балақай» топтары деп аттарын қойды. Балалармен «Кім тез?» атты ойын жүргізді. Ойында балалар жолда жүру ережелері бойынша қойылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап берді. «Ойлан, тап» ойынында балалар жұмбақтардың шешуін тауып, сурет бойынша көрсетті. «Балақай» тобының балалары белсенді қатысып, жеңімпаз болып атанды.